$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Сайлау күні астаналықтар LRT-мен тегін жүре алады

Құрылтай сайлауы өтетін 23 тамыз күні Астанада қоғамдық көлікте тегін қатынауға болады. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

 «Бұл шара азаматтардың қала ішінде еркін қатынауын қамтамасыз ету және сайлау учаскелеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз», – делінген хабарламада.

Компания мәліметіне сәйкес тегін жол жүру келесі бағыттарда қолжетімді:
– Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесінде;
– қалалық бағдарларда;
– экспресс-бағдарларда;
– қала маңы бағдарларында.

Жолаушыларға 23 тамыздағы сапарын жоспарлағанда осы өзгерістерді ескеру ұсынылды.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button