Qarmet ресейлік компаниядан берешегін өндіріп алды
Ростов облысының Арбитраждық соты қазақстандық «Qarmet» АҚ-ның шетел сотының шешімін орындауға енгізу туралы өтінішін қарады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ШЕТЕЛ СОТЫ ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУДІ МІНДЕТТЕДІ
Тақырып «Ростов металлургиялық компаниясы» ЖШҚ-дан берешекті өндіріп алу төңірегінде. «Коммерсантъ» басылымы мәліметінше, осыған қатысты ақпарат сот істері картотекасында жарияланған. Мәлім болғандай, Ресейдің Ростов облыстық төрелік соты істі отандық Qarmet акционерлік қоғамы пайдасына шешті.
Сот ұйғарымына сәйкес, Ростовтағы металл өнімдерін шығарумен айналысатын «Ростов металлургиялық компаниясы» (РМК) Қазақстан тарапына 92,8 миллион рубль, яғни шамамен 613 миллион теңгеден астам қарызын қайтаруға тиіс. Онымен қоса, шетел соты мемлекеттік баж төлеуге байланысты шығындарды өтеуді міндеттеп, оның мөлшерін 16 млн теңге көлемінде белгіледі.
Шешім Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы маусымда шығарған бастапқы қаулысын ресми түрде қуатталған. Жалпы, бұған дейін ресейлік кәсіпорын Қарағанды сотының шешіміне апелляциялық шағым түсіргенімен, биыл ақпан айында қазақстандық сот алқасы бұрынғы үкімді өзгеріссіз қалдырды.
БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУДІ ҰСЫНЫС БІЛДІРГЕН
Ростов сотында өткен талқылауда «РМК» өкілдері мәселені бейбіт жолмен шешуге қолқа салып, істі кейінге қалдыруды сұраған. Бірақ Андрей Лаврентьев бақылауына алған Qarmet бұл ұсынысқа қарсылық білдірді.
Нәтижесінде Ресей соты шетелдік сот шешімін мойындап, оны Ресей Федерациясы аумағында міндетті түрде орындалуға тиіс құжат ретінде бекіткен.
«Коммерсантъ» ақпаратынша, 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Ростов металлургиялық компаниясының» қаржылық жағдайы қазір мәз емес. Нақтысында, компанияның екі жыл бұрынғы табысы 210 миллион рубльді құраса да, таза пайда бір жылда 28%-ға төмендеген.