“20 жылдан бері террористпін”: Атырауда тікелей эфирде заң бұзған екі әйел жазаланды
Әлеуметтік желіде тікелей эфир кезінде құқыққа қайшы әрекеттерге жол берген 38 және 39 жастағы екі әйел полицияның назарына ілікті. Оларға қатысты үш әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Екі әйелге қандай айып тағылды
Полиция мәліметінше, әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында заң талаптарын бұзған екі әйелдің жеке басы анықталған. Әйелдердің бірі “мен 20 жылдан бері террористпін, мені КНБ баяғыдан бері біледі” деген. Кейін екеуі де полиция басқармасына жеткізілді. Тексеру нәтижесінде ұсақ бұзақылық жасау, құқыққа қайшы контент тарату, сондай-ақ қоғамдық орындарда адамның жеке басын анықтауға кедергі келтіретін киім кию деректері бойынша үш әкімшілік іс қозғалды.
Әкімшілік істердің материалдары соттың қарауына жіберілген.
Әйелдермен теолог әңгімелесті
Оқиғадан кейін екі әйелмен теологтың қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Кездесу барысында оларға қолданыстағы заң талаптары мен қоғамдық тәртіп нормалары түсіндірілді. Полиция департаменті әлеуметтік желілердің заң талаптарынан тыс кеңістік емес екенін ескертті.
Ведомствоның мәліметінше, тікелей эфир кезінде жасалған кез келген құқыққа қайшы әрекетке заң аясында баға беріледі. Ал заң бұзған азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram