12 шілдеден бастап банктер биометриялық сәйкестендірудің жаңа станндартымен жұмыс істеуге көшеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ұлттық банк пен қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің бірлескен қаулының жобасын жариялады.
Құжат банктерді клиенттің тірі адам екенін биометрия арқылы растауға міндеттейді. Мұндай жүйе қазірдің өзінде кейбір банктерде бар болғанымен, бәріне ортақ, бірыңғай стандарт жоқ. Бірлескен қаулы осындай ортақ стандартты айқындайды. Егер клиент биометриялық тексеруден үш рет қатарынан сәтсіз өтсе, операция орындалмайды.
Қазір банктердің көбі клиентті тек SMS-кодпен танып, операцияларды сол арқылы растайды. Енді операциялар мақұлдану үшін бет-әлпет немесе алақан арқылы қосымша растау қажет болады. Бұл банкинг қызметінің бәрі толық биометрияға өтеді деген сөз емес. Қаулының талабы жүретін операциялардың нақты тізімі бар.
Біріншіден, алғаш рет сәйкестендіру кезінде міндетті. Басқаша айтсақ, клиент банкке алғаш тіркелген сәт: онлайн шот ашу, мобильді қосымшаға бірінші рет кіру немесе жаңа аккаунт жасау үшін биометриядан өтеді. Растау өтінімі түскенде автоматтандырылған жүйе клиенттің биометриялық дерегін Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы арқылы Ұлттық биометриялық базадағы дерекпен салыстырып, сәйкестендіреді.
Екіншіден, ірі сомада онлайн кредит рәсімдегенде, электрондық қолтаңба алғанда, клиент деректерін жаңартқанда, төлем жүйелерінде биометриялық сәйкестендіру міндетті болады.
Құжаттың мазмұнын биометриялық сәйкестендіру банк жүйесіне алғаш тіркелген адамға ғана міндетті деп қате болатынын айта кету керек. Егер пайдаланушы жаңа құрылғыдан кірсе, аккаунтын қайта тіркесе, ірі операция жасаса немесе банк деректерді жаңартуды талап етсе, биометриялық тексеру қайта сұралуы мүмкін.
Осылайша 12 шілдеден бастап бүкіл қаржы ұйымдары бірыңғай биометриялық стандартпен жұмыс істеуге көшеді.