1,9 млн теңге: елде қай мамандық иесіне ең көп жалақы ұсынылады
Ұшқыш мамандығын таңдағандар жұмысқа кіріссе, 3,9 млн теңге жалақы төленгенін орынды санайды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ӨҢІРЛЕРДЕГІ ЖАҒДАЙ
Биыл сәуір айында Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 104,7 мың бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер 123,3 мың түйіндеме орналастырылған.
Салалық құрылым бойынша мамандарға ең көп сұраныс білім беру саласында (20,2 мың бос жұмыс орны) тіркелді. Бұдан бөлек, өзге де қызмет түрін көрсету саласында – 15,5 мың, ауыл, орман және балық шаруашылығында – 10,7 мың, өңдеу өнеркәсібінде – 9,5 мың вакансия жарияланған.
Өңірлерге келсек, ең көп бос жұмыс орындары Астана қаласы (8,5 мың), Павлодар облысы (7,2 мың), Алматы қаласы (6,7 мың), Ақмола облысы (6,6 мың) және Қарағанды облысында (6,4 мың) орналастырылды.
ҰШҚЫШТАРҒА ҰСЫНЫЛҒАН ЖАЛАҚЫ
Жұмыс іздеушілер арасында 35 жасқа дейінгі үміткерлер саны көп. Барлық түйіндеменің 39%-ын құрайды. 35-44 жас аралығындағы үміткерлердің үлесі – 28%, 45–54 жас аралығы – 20%, ал 55 жастан асқандар – 13%.
Сәуір айында ұшқыш мамандығын таңдағандардың айлығы қанша болу керектігі белгілі болды. Жұмыс берушілер шамамен 1,9 млн теңге көлемінде еңбекақы ұсынса, жұмыс іздеушілердің 3,9 млн теңге жалақы күтетіні анықталды. Жоғары еңбекақы ұсынылған басқа да вакансиялар қатарында бағдарламалық қамтамасыз ету сәулетшісі (≈1,7 млн теңге) және жабдықтарды сынау жөніндегі басшы (≈1,6 млн теңге) бар.