TOP-2ЖаңалықтарПікір

«Мен тек өз сөзіме жауап бере аламын»: Әлібеков әкесінің даулы жазбалары жайлы пікір білдірді

Кәсіпкер, блогер, Respublica партиясының белсенді өкілдерінің бірі Бейбіт Әлібеков әкесі Бақыт Әлібековтің Facebook парақшасында қазақтар туралы «қазанбастар», «мәмбет» деп, ал Наурыз мейрамы туралы «сасиды» сияқты кемсіту сөздер қолданылған жазбаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқиға желісі

Threads қолданушылары Бейбіт Әлібековтың әкесіне тиесілі парақшадан алынған скриншоттарды жариялаған. Ол жерде Бақыт Әлібеков Facebook-тегі парақшасында қазақтарды ашық түрде қорлап, оларды «қазанбас», «қазан» деп жазған. Сондай-ақ, Наурыз мерекесін «сасиды» деп кемсітетін пікірлер жариялаған.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот
Фото: Скриншот

«Әкемнің пікірлерін қолдаған емеспін»

Әлеуметтік желі қолданушылардың наразылығын тудырған жағдайға қатысты Бейбіт Әлібеков Threads әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында өз пікірін жазды.

«Барлығымыз ата-ананы таңдамаймыз, олар да бізді таңдай алмайтыны – анық. Әкемнің көзқарастары мен пікірлерін ешқашан қолдаған емеспін және бұл туралы бірнеше рет ашық айттым. Менің де ересек жасқа жетіп қалған балаларым бар – ересек адаммын. Әкем және мен – екі бөлек тұлға екенімізді ұмытпаған жөн шығар», – деп жазды Бейбіт Әлібеков.

Оның жазуынша, әр адамның өз ұстанымы мен пікірі болуға құқығы бар.

«Мен тек өз сөзіме, іс-әрекетіме және көзқарасыма ғана жауап бере аламын. Баласы әкесінің айтқан сөзі немесе жасаған әрекеті үшін жауап беруге тиіс емес деп ойлаймын, сондықтан мен саналы, жасы келген тұлғаның пікірі үшін ақталуға құқығым жоқ. Менің өз пікірім, өз өмірім және өз жауапкершілігім бар. Ол үшін толықтай жауап беруге дайынмын. Ізгі ниетпен, біріңізге аға, біріңізге іні, біріңізге көке, біріңізге ұл, ал біріңізге жай ғана адам – Бейбіт», – дейді ол.

«Әкеңіз түрмеге отыруға дайын ба»

Оқырмандар:

«Қазақстанды, қазақтарды, қазақ тілін менсінбейтін, жек көретін отбасынан шыққан адамды депутаттыққа үміткерліктен, биліктегі тізгіннен алынып тасталсын»,

 

«Сіз әкеңіз үшін жауап бермейді екенсіз. Ал әкеңізді өзі айтқан сөздері үшін жауап бере ала ма ? Жауапқа тартылады ма? Әкеңізді «Тақияны «писюныма» кидім» деген жазбасы бар екен. Ұлттық киімді қорлағаны үшін Қылмыстық кодекстің 174, 175, 372 баптары бойынша түрмеде отыруға дайын ба?»,

 

«Бастысы – тырысып жатыр ғой. Әкесі үшін бұл кісіні соншама жазғырып керек емес. Қазақстанның экономикасына, медиа индустриясына, футболға қосып жатқан үлесін ұмытпайық. Экономикаға үлес қосу деген – бизнесс жасап адамдарға жұмыс беріп отырғаны! Еңбекқор адам,ешкімге зияны жоқ!» – деген пікірлер жазды.

 

Back to top button