Баспана нарығындағы өзгеріс: қыркүйекте үй бағасы арзандаған жоқ
Тоғыз ай ішінде елдегі 18 ірі қаланың 12-сінде баспана бағасы қымбаттаған. Сатушылар да пәтерлерін жоғары бағамен сатылымға қойып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Сарапшылар болжамы
Krisha.kz мәліметіне көз жүгіртсек, Қазақстан бойынша ұсынылатын орташа баға көрсеткіші тамызбен салыстырғанда 0,3 пайызға жоғарылады.
Қайталама нарықтағы баспана нарығында соңғы бірнеше айда күрт ауытқу байқалмады. Сатушылар да пәтерлерін бұрынғыдай жоғары бағамен сатқылары келсе, сатып алушылар саудаласып, бағаны түсіруге тырысады.
Ресми ақпаратқа сенсек, қыркүйек айында жеңілдік мөлшері 1 пайыздан 7 пайызға дейін ауытып отыр. Ара-тұра бұл көрсеткіш 10 пайызға дейін жеткен. Сарапшылар болжамынша, осы күзде баға төмендей қоймайды.
Тоғыз айда баға қалай өзгерді
Krisha.kz сарапшылары мониторингіне көз жүгіртсек, жыл басталғалы 12 қалада екінші деңгейлі баспана бағасы өсті. Оның ішінде мына қалаларға тоқталуға болады:
- Қарағандыда +6,4%;
- Павлодарда +7,3%;
- Көкшетауда +9,9%;
- Астанада +6,9%;
- Семейде +6,2%.
Ең қымбат үйлер қайда сатылды
Баға төмендеуі Алматыда байқалады. Жыл басталғалы шаршы метр бағасы 1,1 пайызға арзандаған.
Одан бөлек, тағы бірнеше қалада баға арзандады: Ақтау (-5,2%), Ақтөбе (-4,8%), Атырау (-1,9%) және Шымкент (–1,4%).
Қыркүйекте ең қымбат үйлер әдеттегідей Алматы қаласында сатылды. Мұнда баға шаршы метріне 796 144 теңгені құрады. Одан кейін Астана, Шымкент, Қарағанды мен Қостанай қалалары келеді.