Жаңалықтар
Тоқаев Халық кеңесінің бірінші сессиясы өтетін күнді белгіледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы құжатқа қол қойды. Алғашқы сессия 2026 жылғы 23-24 қыркүйекте Астанада өтеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Алғашқы сессия екі күнге белгіленді
22 қыркүйекте қабылданған құжатта Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясын өткізу мерзімі мен орны бекітілген.
«Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында шақырылсын», – делінген құжатта.
Шешім «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес қабылданған.
Ұйымдастыру Хатшылыққа тапсырылды
Президент Қазақстан Халық кеңесінің Хатшылығына бірінші сессияны өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.
Құжатта сессияның күн тәртібі мен қаралатын мәселелер көрсетілмеген.