$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48
TOP-2Жаңалықтар

Тоқаев экс-депутат Савельеваны Қорғаныс министрінің орынбасары етіп тағайындады

Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды,  деп хабарлайды Tizgin.kz.

Савельева бүгін ғана Құрылтай депутатттығынан кеткен.

Татьяна Савельеваның өмірбаяны

Татьяна Михайловна Савельева – Құрылтай депутаты болған, қаржы және бюджет саласында ұзақ жыл еңбек еткен маман. Ол 2026 жылы тамызда «Әділет» партиясының тізімімен депутат болып сайланған.

Савельева 1976 жылғы 11 сәуірде Ақмола облысында дүниеге келген. 2001 жылы Ақмола аграрлық университетін «Экономика және менеджмент», 2007 жылы Еуразия ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1999 жылдан Астана қаласының Қаржы басқармасында жұмыс істеген. Кейін Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі қызмет атқарып, бюджеттік жоспарлау бағытындағы басшылық лауазымдарға көтерілген. 2016–2023 жылдары қаржы вице-министрі болған.

2023 жылы «AMANAT» партиясының тізімімен VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты атанды. 2024 жылғы ақпанда Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып сайланып, бұл қызметті 2026 жылғы шілдеге дейін атқарды.

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button