$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48
Без рубрики

Евгений Кочетов жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Евгений Дмитриевич Кочетов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Евгений Кочетов бұған дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарған.

Ол аталған лауазымға 2023 жылғы қарашада тағайындалған болатын. Бұған дейін, 2023 жылғы ақпан мен тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеді. Енді Мемлекет басшысының өкімімен Президент Әкімшілігінің Коммуникациялар бөліміне басшылық етеді.

Журналистика және шығармашылық қызметі

Евгений Кочетов мемлекеттік қызметпен қатар журналистика және экономикалық сараптама саласында еңбек еткен.

Ол «Литер», «Капитал» басылымдарында экономикалық шолушы, «Власть» интернет-журналында және Informburo порталында автор болған. Сондай-ақ, «Қазақстанды өзгерткен сөздер» («Слова, которые изменили Казахстан») кітабының авторы. Ақша-несие саясаты, валюта нарығы және макроэкономика тақырыптарында ғылыми мақалалар жариялаған.

Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. Қазақстан Республикасы Президентінің алғысымен марапатталған.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button