ЖаңалықтарТергеу
Қостанайда прокурор әйелін ұрып-соқты деген күдікке ілінді
Қостанай облысындағы Федоров ауданының прокуроры Ерлан Майоров жұбайына күш қолданды деген ақпараттан соң қызметтік тексеруге ілікті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Прокуратура не дейді
Қостанай облысының прокуратурасы қызметтік тексеру басталғанын растады. Дегенмен ведомство істің мән-жайын ашып айтпады.
«Қызметтік тексеру аясында прокурордың әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі. Өзге ақпараттарды таратуға шектеу қойылғандықтан, жариялауға жатпайды», – делінген прокуратура мәліметінде.
Майоровқа шара қолданылды ма
Әзірге ведомство істің мән-жайы мен Ерлан Майоровқа қатысты қандай да бір шара қабылданғаны туралы қосымша ақпарат ұсынған жоқ.