TOP-1Жаңалықтар
Таяу Шығыстан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жұмыстары аяқталды
ҚР СІМ мәліметінше, жалпы Қазақстанның 10 275 азаматы елге қайтарылған, деп хабарлайды сыртқы саяси ведомство.
Қазақстан азаматтары әртүрлі бағыт арқылы, оның ішінде әуе және құрлық жолдары арқылы қайтарылған.
Қазақстан өңірдегі дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерлерде шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды үйлестіріп, отандастармен тұрақты байланыста болып, Қазақстан азаматтарына қажетті көмек көрсеткен.