ЖаңалықтарҚоғам

Тамыз айындағы демалыс күндері: қазақстандықтар үшін жаңа өзгеріс

2026 жылдан бастап тамыз айының соңындағы қосымша демалыс күні алынып тасталды.

2026 жылдың тамыз айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтарды 10 демалыс күні күтеді. Бұрынғы жылдардан айырмашылығы – ай соңында қосымша демалыс болмайды, себебі Конституция күні ресми түрде 15 наурызға ауыстырылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

2026 жылдан бастап тамыз айының соңындағы қосымша демалыс күні алынып тасталды. Бұл Конституция күнінің ресми түрде 15 наурызда атап өтілуіне байланысты. 30 тамыз мемлекеттік мерекелер тізімінен шығарылды.

Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететіндер үшін тамыз айында:

  • 21 жұмыс күні;
  • 10 демалыс күні болады.

Ал алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер үшін:

  • 26 жұмыс күні;
  • 5 демалыс күні болады.

Тамыз айында қосымша мерекелік демалыс күндері болмайды.

Еске сала кетсек, 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда Конституция күні ресми түрде 15 наурызда атап өтіледі. Бұл өзгеріс еліміздің Конституциясының жаңа редакциясында бекітілген.

Бұған дейін мемлекеттік мереке жыл сайын 30 тамызда аталып өтіп, бұл күн ресми демалыс күні саналатын. Аталған дата мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталғандықтан, тамыз айының соңында қазақстандықтарға қосымша демалыс берілмейді.

Back to top button