Архивы президент - Tizgin kz

Моңғолия президенті жемқорлық дауына іліккен соң отставкаға кететінін мәлімдеді
Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх ірі сыбайлас жемқорлық дауына байланысты қызметінен кететінін мәлімдеді. Оған мемлекеттік теміржол жобасы төңірегінде қаржылай пайда көрді деген айып тағылған, деп хабарлайды Tizgin.kz Associated Press агенттігіне cілтеме жасап.

Оппозиция қандай талап қойды

Дау ортасында Таван-Толгой – Гашуунсухайт теміржолы құрылысына арналған құпия тендер тұр. Жобаны жүзеге асыру құқығын Bodi Group компаниясы алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, осы жобаға байланысты бірқатар саясаткерге жалпы сомасы 110 млн доллар көлемінде пара берілген болуы мүмкін деген күдік бар.

Mongolia Daily басылымы мәліметінше, 16 қараша күні Моңғолия парламентіндегі оппозиция президент пен жемқорлық дауына қатысы бар делінген басқа да шенеуніктердің отставкаға кетуін талап етті.

Тексеріс үшін комиссия құрылады

Демократиялық партия депутаттары аталған айыптауларды жан-жақты тексеру үшін уақытша парламенттік комиссия құруды ұсынған. Бұл бастаманы 42 депутат қолдады.

Сонымен қатар оппозиция 2019 жылдан бері Моңғолия Ұлттық қауіпсіздік кеңесі шығарған барлық ұсынымдарды құпиясыздандыруды талап етті. Парламент бұл мәселені 19-20 қарашадағы жалпы отырыстарда қарастыруы жоспарланған. Даудың қайта өршуіне бірнеше күн бұрын Улан-Батордың бұрынғы әкімі Хишгээгийн Нямбаатардың тікелей эфирде айтқан мәлімдемесі себеп болды. Ол теміржол құрылысына қатысты пара алғандардың қатарында президент Ухнаагийн Хүрэлсүх те бар деп мәлімдеген.

Алайда бұл айыптаулар әзірге сотта дәлелденген жоқ. Президент кінәсі де заңды түрде анықталмаған.

Дәлелдер табылмай жатыр

Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі 110 млн доллар көлеміндегі қаражаттың қолма-қол ақша түрінде таратылғанын растайтын дәлелдер табылмағанын хабарлады.

Сонымен бірге тергеу барысында 286 млрд моңғол тугригі көлемінде алдын ала төлем аударылғаны анықталды Вице-премьер Нямтайширын Номтойбаяр бұл қаражат көмір сатып алу жөніндегі келісімдерге байланысты болғанын түсіндірген. Агенттік мәліметінше, тергеу жалғасып жатыр. Қаржылық операциялар мен қаражаттың жұмсалу мақсаты зерттеліп жатыр.

Президент Хүрэлсүх те тергеумен ынтымақтасуға дайын екенін мәлімдеген. Оның отставкасы парламент мақұлдаған жағдайда ғана күшіне енеді.

Сообщение Моңғолия президенті жемқорлық дауына іліккен соң отставкаға кететінін мәлімдеді появились сначала на Tizgin kz.

Садыр Жапаров келесі президент сайлауына қатысады
Қырғызстанның қазіргі президенті Садыр Жапаров алдағы президент сайлауына қатысуға ниетті. Ол өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидатурасын ұсынып, елдің Орталық сайлау комиссиясына тиісті өтініш жолдады, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Қырғызстан ОСК-сының ресми мәліметіне сілтеме жасап.

Қырғызстанның Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясы 10 қарашада Садыр Жапаровтың президенттікке кандидатурасын ұсынғанын хабарлады.

«Садыр Нұрғожоұлы Жапаров Қырғыз Республикасының президенті лауазымына өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидатурасын ұсыну туралы өтініш берді», – делінген Орталық сайлау комиссиясының хабарламасында.

ОСК мәліметінше, 10 қарашадағы жағдай бойынша президенттікке үміткерлерден барлығы алты өтініш түскен. Кандидаттарды ұсыну науқаны 13 қарашаға дейін жалғасады.

Айта кетейік, Жапаровтың өтініш беруі оның президенттікке кандидат ретінде ресми тіркелгенін білдірмейді. Тіркеу мәселесі сайлау заңнамасында белгіленген рәсімдерге сәйкес шешіледі. Қырғызстандағы кезекті президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарға белгіленген.

Сайлау күнін биыл 24 қыркүйекте Жогорку Кенеш, яғни Қырғызстан парламенті бекіткен. Қабылданған қаулыға сәйкес, президент сайлауы мемлекет басшысының өкілеттік мерзімі аяқталатын жылдың қаңтар айының төртінші сәрсенбісінде өткізіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2027 жылы өтетін сайлауға қатысып, мемлекет басшысы қызметіне екінші мерзімге таласатынын мәлімдеген еді.

Сообщение Садыр Жапаров келесі президент сайлауына қатысады появились сначала на Tizgin kz.

Дәулетті адамдарға жоғары салық мөлшерлемесін енгізу ұсынылды
Мемлекет басшысы салық саясатын жетілдіріп, салық салудағы әділдікті қамтамасыз ету жағына тоқталды. Ол ауқатты адамдарға жоғары салық мөлшерлемесін енгізу мәселесін талқылауды ұсынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Салық жүйесінде озық технологиялар пайдаланылуы тиіс

Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен әділдік жөнінде тоқталды.

«Әңгіме әрбір азаматтың еліміздің дамуына шамасына сай, адал үлес қосуы туралы болып отыр. Әңгіме әділдік туралы», – деді президент.

Үкімет пен Құрылтайға осыны зерделеп, ұсыныстар енгізу тапсырылды. Сондай-ақ салық жүйесі ашықтығын қамтамасыз ету үшін цифрландыруды күшейтіп, озық технологиялар мен жасанды интеллектіні пайдалану керектігі айтылды.

Бизнестегі кедергілер

Бұл салықтың жиналуын арттыруға, көлеңкелі экономиканы қысқартып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік беретін көрінеді.

Тоқаев жаңа Салық кодексін қолдану кезінде бизнес кездесіп отырған кедергілерге де назар аударды. Оның сөзінше, салық кодексі – бұлжымас қағида да, қасиетті жазба да емес.

Осы ретте заңнамадағы қайшылықтарды жойып, әсіпкерлерге түсетін артық жүктемені азайту керектігі айтылды. Салық жүйесі бизнестің дамуына және жаңа жұмыс орындарын ашуға кедергі келтірмеуге тиіс.

Сообщение Дәулетті адамдарға жоғары салық мөлшерлемесін енгізу ұсынылды появились сначала на Tizgin kz.

«Ұстаздың абырой-беделін қорғауымыз қажет»: Тоқаев маңызды мәселе көтерді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің шамадан тыс жүктемесі, цифрлық есептіліктің көбеюі және мектептерде ұстаздарға қысым көрсету мәселесін көтерді. Мемлекет басшысы білім беру саласындағы реформалар педагогтердің жұмысын жеңілдетуге бағытталуы керектігін айтып, мұғалімдердің абырой-беделін қорғаудың маңызын атап өтті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Тағы бір мәселе. Қоғамда оқу-ағарту саласындағы реформаларға қатысты түйткілдер көп талқыланып жүр. Жалпы, әр өзгеріс мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге, оның қызметіндегі артық жүктемені азайтуға бағытталуы керек. Іс жүзінде бұл міндет толық орындалмай жатқаны жасырын емес. Бұрын қағазбастылық көп еді. Енді оның орнын түрлі платформаларға, цифрлық жүйелерге енгізілуге тиіс есептер басып отыр», – дейді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, ұстаздың негізгі миссиясы – балаға сапалы білім беру, яғни сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

«Бұл міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басы артық жұмысты доғару керек. Біз мұғалімдердің абырой-беделін қорғауымыз қажет. Соңғы уақытта мектептерде оқушылар ұстаздарына дөрекі сөйлеп, тіпті, күш қолданатын жағдайлар да аз емес. Мұндай кезде көбінесе мектеп әкімшілігі де мұғалімге қысым көрсетіп жатады. Бұл – дұрыс емес. Әр мәселе мұқият әрі жан-жақты қаралуға тиіс. Кез келген жағдайға отбасы да, оқушы да, ұстаз да, мектеп те – бәрі де бірдей жауапкершілікпен қарауы керек. Оқу-ағарту министрлігі бұл жұмысты жіті назарда ұстауы қажет», – дейді ол.

Сообщение «Ұстаздың абырой-беделін қорғауымыз қажет»: Тоқаев маңызды мәселе көтерді появились сначала на Tizgin kz.

Президент жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында  Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс қабылдануы мүмкін екенін айтты. Ол қолданыстағы заңнаманың қазіргі экономикалық және технологиялық өзгерістерге толық жауап бере алмайтынын айтып, Құрылтай депутаттары мен Үкіметке жаңа кодексті әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Мемлекет басшысы құжатты келесі жылдың соңына дейін қабылдау қажеттігін атап өтті.

«Қолданыстағы Азаматтық кодекс өткен ғасырдың 90-шы жылдарында қабылданды. Кодекс өзінің тарихи миссиясын толық атқарып шықты десек – артық болмайды. Бұл құжат нарықтық экономиканың негізгі институттарын құруға жол ашты, меншікті қорғау қағидатын бекітті. Бұған қоса, жаңа тарихи дәуірдегі азаматтық қатынастардың құқықтық негізін қалыптастырды. Дегенмен қанша жерден сапалы болса да, бұл Азаматтық кодекс өтпелі кезеңдегі экономика үшін әзірленді», – дейді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, сол кезде озық технологиялардың заты түгіл, аты да жоқ болатын.

«Әрине, соңғы 30 жыл ішінде бүкіл әлем, соның ішінде қоғамымыз түбегейлі өзгерді. Осының бәрін ескере отырып, болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет деп санаймын. Бұл кәсіпкерлердің, инвесторлардың және азаматтардың алаңсыз жұмыс жүргізуі үшін құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құрылтай депутаттары Үкіметпен бірлесе отырып, осы маңызды құжатты әзірлеуге тез арада кіріскені жөн. Құрылтай жаңа Азаматтық кодексті келесі жылдың аяғына дейін қабылдаса жөн болар», – дейді ол.

Сообщение Президент жаңа Азаматтық кодекс қабылдауды тапсырды появились сначала на Tizgin kz.

Тоқаев «Балқаш» АЭС-інің құрылысын келесі жылы бастауды ұсынды
Қазақстанда «Балқаш» атом электр станциясының құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін. Президент «Мойынқұм» АЭС-інің құрылысын да жеделдету қажеттігін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Президент «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында атом энергетикасын дамыту мәселесіне арнайы тоқталды. Сөзінше, жалпыхалықтық референдум нәтижесінде атом электр станциясын салу жөнінде дұрыс шешім қабылданған. Ендігі міндет – бірден бірнеше станцияның құрылысын жүзеге асыру және оларды ұзақ мерзімде қажетті шикізатпен қамтамасыз ету.

«Менің ойымша, келесі жылдың өзінде «Балқаш» атом электр станциясының құрылысын бастауға, сондай-ақ «Мойынқұм» атом электр станциясының құрылысын мүмкіндігінше тезірек қолға алу мақсатында жан-жақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға болады. Тіпті мұны жүзеге асыру қажет болуы да мүмкін», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы атом электр станцияларын салуға қатысатын шетелдік серіктестер Қазақстанда жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға, ядролық энергетика саласындағы тәжірибені бөлісуге және отандық мамандарды даярлауға атсалысуы қажет екенін атап өтті.

Президенттің сөзінше, мұндай ұсыныстар Ресей мен Қытай компанияларынан түсіп жатыр. Сонымен қатар Тоқаев алдағы келіссөздерде Қазақстанның ұлттық мүддесі бірінші кезекте ескерілуге тиіс екенін ескертті.

Стратегиялық уран қорын құру ұсынылды

Президент атом энергетикасын дамыту тек станциялар салумен шектелмеуі керек екенін айтты. Оның пікірінше, Қазақстан болашақта АЭС-терді уран шикізатымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін қазірден бастап ойластыруы қажет.

«Қазірдің өзінде осы станцияларды, айталық, елу жылдан кейін және одан әрі уран шикізатымен қалай қамтамасыз ететінімізді ойластыруымыз қажет. Қазақстандағы атом электр станцияларының алдағы жүз жылдағы қажеттілігін өтеуге мүмкіндік беретін мемлекеттік стратегиялық уран қорын құру туралы ұсынысты жан-жақты қарастыруға тұрарлық деп санаймын», – деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, мұндай қор елдегі атом электр станцияларының алдағы бір ғасырдағы шикізатқа деген қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сообщение Тоқаев «Балқаш» АЭС-інің құрылысын келесі жылы бастауды ұсынды появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанда үлкен “Халықтық құрылыс” басталады: Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөлінеді
Қазақстанда әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Президенттің айтуынша, ел экономикасының өсімі ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан алдағы жылдары әлеуметтік маңызы бар нысандарды салу мен жаңғыртуға ерекше басымдық беріледі.

ЖІӨ 400 млрд долларға жуықтайды

Президент Халықаралық валюта қорының болжамына сүйене отырып, биыл Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 400 млрд долларға жуықтайтынын айтты. Ал жан басына шаққандағы көрсеткіш 19 мың доллардан асады. Сөзінше, Қазақстан экономикасының көлемі жағынан әлемде 47-орынға көтеріледі. Бұл халық саны елімізден әлдеқайда көп бірқатар мемлекеттің көрсеткішінен жоғары.

Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 14 пайыздан асқан. Ал елдің алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қор активтерінің жиынтық көлемі 130 млрд доллардан жоғарылаған. Тоқаев бұл көрсеткіштер экономиканы әртараптандыру бағытындағы жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.

Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөлінеді

Президент жинақталған экономикалық әлеуетті елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және өңірлерді дамытуға бағыттау қажеттігін айтты. Осыған байланысты Үкіметке бұрын-соңды болмаған ауқымды Инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын әзірлеу тапсырылды.

«Енді осы қуатты әлеуетімізді инфрақұрылымды жаңғыртуға, еліміздің әр аймағын көркейтуге бағыттауымыз қажет. Сондықтан мен бұған дейін айтқан ауқымды құрылыс бастамасын белсенді түрде жүзеге асыруды тапсырамын. Соған сәйкес бүкіл ел бойынша аса қажетті әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандары салынады. Бұл ауқымды жұмысты іске асыру үшін 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан шамамен 6,5 триллион теңге бөлінеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек, биыл және 2027 жылдың алғашқы екі айында әлеуметтік жобаларды іске қосуға 1,5 трлн теңге қарастыру қажет. Үкімет жыл соңына дейін нақты жобалардың бастапқы тізімін әзірлейді.

«Бұл тізім барлық аймақты қамтуы керек. Біз халқымыздың артып отырған зор үмітіне лайық болуымыз қажет. Бұл жоспарымыз ел игілігін арттыруға арналып отыр, басқа астарлы ойымыз жоқ. Сондықтан осы үлкен құрылыс қозғалысына «Халықтық құрылыс» деген атау берсек, қарсылық болмас деп сенемін», – деді Тоқаев.

Сообщение Қазақстанда үлкен “Халықтық құрылыс” басталады: Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөлінеді появились сначала на Tizgin kz.

Мемлекет тарапынан құтқарушыларға жан-жақты қолдау көрсетілуге тиіс – Президент
Мемлекет басшысы салтанатты жиынға қатысушыларды Құтқарушы күнімен құттықтап, төтенше жағдай саласының қызметшілеріне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Фото: aqorda_resmi

«Құтқарушы» сөзінің мағынасы – өте кең әрі терең. «Құтқару» – әрдайым игі іс жасаумен, жақсылық істеумен байланысты ұғым. Адам өміріне араша түсу, азаматтарды қауіп-қатерден қорғау, оқыс жағдайға тап болған адамдарға қол ұшын созу, тіпті, олардың қорқынышын басып, жұбату сөз айту – осының бәрі де нағыз құтқарушының бойынан табылатын асыл қасиеттер. Сондықтан халқымыз сіздерді, яғни еліміздің барша құтқарушы мамандарын бейбіт күннің батырлары деп атайды. Бұл – шын мәнінде әділетті баға. Әрине, құтқарушы болу көптің алғысына бөлейтін абыройлы және мәртебелі қызмет екені сөзсіз. Алайда азаматтық қорғаныс саласында адал еңбек ету бәрінің қолынан келе бермейтін шаруа екенін де ұмытпауымыз қажет. Батыл, қайсар, ширақ әрі өжет болу – өз алдына өте маңызды талап екені даусыз. Бірақ құтқарушы ең алдымен елге жаны ашитын отаншыл азамат және білікті маман болуға тиіс. Осындай күрделі жұмысты рухы мықты, жауапкершілігі жоғары, жүректі адамдар ғана таңдайды», – деді Президент.

Фото: aqorda_resmi

Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай саласының қызметшілері ешқандай қауіп-қатерден тайсалмайтын, сын-сағатта жедел шешім қабылдай алатын, арнайы даярлықтан өткен нағыз кәсіби мамандар деп есептейтінін айтты.

«Құтқарушылардың еңбегі қашанда еліміздің көз алдында. Сіздер күн сайын тәуекелге барып, кәсіби міндет пен жауапкершілікті бәрінен биік қоясыздар. Басқаша айтқанда, от пен судың ортасында жүресіздер. Төтенше жағдайға түскен адамдарға жәрдем беріп, оларды қиындықтан құтқару үшін қажымай қызмет етесіздер. Құтқарушылар кез келген төтенше жағдайда бірінші болып көмекке ұмтылады. Олар өзгенің өмірін сақтау үшін, өз өмірін қатерге тігеді. Бұл – нағыз құтқарушыға тән батырлық. Мен Мемлекет басшысы ретінде сіздердің ерен еңбектеріңіз қоғамымыздың айрықша сый-құрметіне лайықты деп санаймын», – деді Президент.

Сообщение Мемлекет тарапынан құтқарушыларға жан-жақты қолдау көрсетілуге тиіс – Президент появились сначала на Tizgin kz.

Тоқаев құтқарушылардың жұмысын түбегейлі өзгертуді ұсынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық қорғаныс жүйесін жаңғыртып, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жасанды интеллект пен озық технологияларды кеңінен қолдану қажеттігін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, бүгінде құтқару қызметіне қойылатын талап өзгеріп келеді. Сондықтан төтенше жағдай орын алғаннан кейін оның салдарын жоюмен шектелмей, ықтимал қауіп-қатерді алдын ала анықтап, апаттың алдын алуға басымдық беру қажет.

«Ең басты міндет – апаттың алдын алу»

Президент кейінгі бес жылда қазақстандық құтқарушылар 75 мыңнан астам жедел шақыртуға шығып, 240 мыңға жуық адамға көмек көрсеткенін атап өтті.

«Бүгінде бұл салаға қойылатын талап түбегейлі өзгеруде. Ең басты міндет – апаттың алдын алу. Сондықтан осы салаға озық технологияны және жасанды интеллектіні енгізу аса маңызды. Құтқару қызметінің материалдық-техникалық әлеуетін нығайту да – өзекті мәселе қатарында», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент азаматтық қорғаныс саласының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында атқарылған жұмыстарға да тоқталды. Сөзінше, кейінгі үш жылда құтқару қызметіне 3 мыңға жуық техника сатып алынған. Олардың қатарында жаңа ұшақтар, тікұшақтар және түрлі мақсатқа арналған кемелер бар.

Сообщение Тоқаев құтқарушылардың жұмысын түбегейлі өзгертуді ұсынды появились сначала на Tizgin kz.

Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров «Хабардың» директорлар кеңесіне кірді
Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров «Хабар» агенттігі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Тиісті шешімді қоғамның жалғыз акционері 2026 жылғы 2 қазанда қабылдаған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Айбек Смадияровпен бірге директорлар кеңесінде Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов, «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Ләззат Танысбай бар.

Бұл шешім агенттіктің жалғыз акционерінің шешімімен рәсімделген.

Айбек Смадияров 2026 жылғы 29 қаңтарда Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Ол бұл қызметте Руслан Желдібайды алмастырған.

Оның алдында Смадияров Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарған. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімін басқарған.

Айбек Смадияровтың өмірбаяны

Айбек Смадияров 1983 жылы туған. Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы: 2004 ж., Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Еңбек өтілі:

2005-2006 жылдары – «Қазақстандағы Қытай банкі» акционерлік қоғамы әкімшілік департаментінің маманы;

2006-2008 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы;

2008-2010 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің атташесі, үшінші хатшысы;

2010-2012 жылдары – Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінің үшінші хатшысы;

2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің сарапшысы;

2013-2014 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжам комитетінің бірінші хатшысы;

2014-2018 жылдары – Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы;

2018-2019 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Баспасөз қызметінің басшысы – ресми өкілі;

2019-2023 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – ресми өкілі;

2023-2025 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Коммуникациялар департаментінің директоры – ресми өкілі;

2025 жылғы наурыздан желтоқсанға дейін – Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – ресми өкілі;

2025 жылғы желтоқсан мен 2026 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;

2026 жылғы 29 қаңтарда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

I сыныпты Төтенше және Өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

«Халық алғысы» және «Шапағат» медальдарымен марапатталған.

2026 жылғы 02 қазанда Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімімен (№ 477-НҚ бұйрық) «Хабар» Агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Сообщение Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров «Хабардың» директорлар кеңесіне кірді появились сначала на Tizgin kz.