Архивы кәсіпорын - Tizgin kz

Қазақстанның жаңа өнеркәсіп саясатынан қай кәсіпорындар ұтады
Жасанды интеллектінің дамуы мен жаһандық экономикалық өзгерістер Қазақстанның өнеркәсіп саясатына жаңа талаптар қойып отыр. Ел үшін шикізатқа тәуелділікті азайтып, өңдеу өнеркәсібін дамыту және отандық кәсіпорындарды қолдау маңызды міндетке айналды. Tizgin.kz бұл мақалада жаңа өнеркәсіп саясатының мүмкіндіктеріне, мемлекеттік қолдаудың тиімділігіне және оның шағын және орта бизнеске ықпалына назар аударды.

Жасанды интеллектінің жедел дамуы мен жаппай цифрландыру өндіріс орындарының жұмыс тәсілін өзгертіп жатыр. Бұрын кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі көбіне өнімнің бағасы мен сапасына байланысты болса, қазір оған технологиялық жарақтану, деректерді пайдалану, өндіріс шығынын азайту және жеткізу тізбегінің тұрақтылығы да әсер етеді. Оның үстіне, жаһандық логистикадағы іркілістер мен сауда бағыттарының өзгеруі елдерді маңызды тауарларды өз ішінде өндіруге, шикізатты терең өңдеуге және сыртқы жеткізілімге тәуелділікті азайтуға итермелеп отыр. Қазақстан үшін де өнеркәсіп саясатын осы жаңа жағдайға бейімдеу қажеттігі туындады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында технологиялық жаңғыру, жасанды интеллектіні экономика салаларына енгізу, көлік-логистика әлеуетін күшейту және өңдеу өнеркәсібін әртараптандыру міндеттерін атады.

Экономист Айдархан Құсайынов өнеркәсіпті дамытудың жаңа саясаты экспорт ышектеу арқылы ішкі терең өңдеуге мәжбүрлеу тәсіліне мойынсынбау керектігін айтып жүр.

Айдарбек Құсайынов

“Соңғы 35 жылда елдегі мыс кенін өндіру көлемі төрт еседен астам өсіп, 38,5 млн тоннадан 163,7 млн тоннаға жеткен. Ал тазартылған мыс өндірісі іс жүзінде бұрынғы деңгейінде қалған. Өнеркәсіп саясаты осы тенденцияны өңдеу саласының пайдасына бұру керек. Бірақ бұл экспортқа жаппай шектеу қою керек деген сөз емес. Қазақстанға шикізат экспортын шектеуден гөрі, өз өңдеу өнеркәсібін дамытуға қажетті экономикалық жағдай жасау маңызды. Инвестор кәсіпорынның қандай шартпен жұмыс істейтінін, өңдеу құны қалай есептелетінін және салған қаражатының қалай қайтатынын түсіну керек, – дейді сарапшы.

Ірі зауыттардың айналасында шағын бизнеске орын бар

Жаңа өнеркәсіп саясатының ықтимал пайдасын тек ірі инвесторлар көрмеу керек. Автокөлік, теміржол техникасы, мұнай-газ жабдықтары өндірісі дамыған сайын оларға қосалқы бөлшек, кабель, электр жабдығы, металл конструкция, пластик бұйымдар, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын ұсынатын шағын және орта кәсіпорындарға да тапсырыс көбейеді.

Мемлекет осы бағыттағы қолдауды қаржыландыру және ұзақмерзімді тапсырыс арқылы күшейтіп отыр. 2026 жылдың алғашқы жартысында өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындарды қолдауға 418,5 млрд теңге бағытталған. Бұл құралдарды 69 шикізаттық емес кәсіпорын пайдаланған, олардың 61 пайызы шағын және орта бизнеске тиесілі. «Даму» қоры 2024 жылдан 2026 жылғы тамызға дейін өңдеу өнеркәсібіндегі 10,3 мың жобаны қолдап, оларға берілген несиелердің жалпы көлемін 2,2 трлн теңгеге жеткізген.

Кепілді тапсырыс кімге тиімді

Өнеркәсіптік саясаттағы маңызды тетіктің бірі – офтейк-келісімшарт. Бұл механизм бойынша ірі компания немесе мемлекеттік ұйым отандық кәсіпорынның болашақта өндіретін тауарын алдын ала сатып алуға міндеттеме алады. Мұндай келісім шағын өндірушіге өнімін өткізуге кепілдік беріп, өндіріс ашу үшін несие тартуды жеңілдетеді.

AI/Tizgin.kz

2026 жылдың алғашқы жартысында жер қойнауын пайдаланушылар мен квазимемлекеттік сектор компаниялары отандық өндірушілермен 466 млрд теңгенің ұзақмерзімді және офтейк-келісімшарттарын жасасқан. «Самұрық-Қазына» қорының отандық өндірушілермен жасасқан келісімдері 594 млрд теңгеге жетіп, былтырғы сәйкес кезеңнен 46 пайызға артқан.

Жергілікті кәсіпорындар үшін тағы бір мәселе – шикізат бағасы. Мемлекет отандық өңдеушілерге мыс, алюминий, қорғасын, мырыш және болат прокатын қоса алғанда, шикізаттың 25 түрін жеңілдетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік берген. Экспорттық бағамен салыстырғанда жеңілдік 50 пайызға дейін жетеді. Осы шарадан металл өңдеу, құрылыс материалдары, электр жабдықтары мен машина жасау кәсіпорындары ұта алады.

Сообщение Қазақстанның жаңа өнеркәсіп саясатынан қай кәсіпорындар ұтады появились сначала на Tizgin kz.

Павлодар облысындағы кәсіпорында алты адамның өліміне қатысты үш күдікті ұсталды
Павлодар облысында Aqtogai Milk кәсіпорнында алты жұмысшының қаза болуына қатысты үш күдікті ұсталды. Бұл туралы өңірдің полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

Қылмыстық істі тергеу аясында үш адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу басқармасы қылмыстық іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдарының кешенін жүргізіп жатыр.

«Қазіргі уақытта үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп жазылған полиция хабарламасында.

Тергеу барысы жарияланбайды

Тергеу мүддесіне байланысты ұсталған азаматтардың лауазымдары мен өзге де мәліметтер әзірге жарияланбайды. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Оқиға желісі

Еске салсақ, Павлодар облысының Жоламан ауылында сүт фермасының аумағындағы кәріз құдығында жұмыс жүргізу кезінде алты адам қаза тапқан болатын.

Марқұмдардың қатарында 1983 жылы туған Е. С. Яроцкий, 1963 жылы туған Ж. Ж. Қайдаров, 1998 жылы туған Рахат Расул болған. Сондай-ақ, қаза тапқандардың үшеуі бір отбасының мүшелері екені белгілі болды. Олар: 1975 жылы туған Бауыржан Мұхаммед және оның 2006 жылы туған ұлы Дархан Мұхаммед пен 2009 жылы туған ұлы Дәулет Мұхаммед.

Қайғылы оқиға «Aqtogai Milk» ЖШС-да болған. Жұмысшылар кәріз құдығына орнатылған электр сорғысының ақауын жөндеп жатқан.

«Aqtogai Milk» ЖШС Павлодар облысындағы ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорны «Ақтоғай-Агро» компаниясына тиесілі.

Сообщение Павлодар облысындағы кәсіпорында алты адамның өліміне қатысты үш күдікті ұсталды появились сначала на Tizgin kz.

«Әділет» партиясының кандидаттары Атырау облысындағы ірі кәсіпорындардың ұжымдарымен кездесті
«Әділет» партиясы Республикалық сайлауалды штабының өкілдері Атырау облысындағы еңбек ұжымдарымен кездесе отырып, мұнай-газ химия, қайта өңдеу өнеркәсібі, инженерлік кадрларды даярлау және сапалы жұмыс орындарын құру сияқты маңызды тақырыптарды талқылады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жергілікті энергетика саласы мен ауыр өнеркәсіп кәсіпорындары ұжымдарымен кездескен партияның республикалық сайлауалды штабы өкілдері осы тақырыптарды кеңінен сөз етті.

Жұмыс сапарының алғашқы бекеті – Атырау мұнай өңдеу зауыты болды. Бұл – Қазақстандағы қара алтын өңдеуші алғашқы кәсіпорын әрі отандық мұнай-химия саласының маңызды нысандарының бірі. Бүгінде АМӨЗ жыл сайын шамамен 5,5 млн тонна мұнай өңдеп, ішкі нарықтың елеулі бөлігін негізгі мұнай өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

Фото: Әділет партиясы

Партия өкілдері стратегиялық кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқанын атап өтті.

«Атырау – еліміздің энергетикалық жүрегі. Сондықтан энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету партияның сайлауалды бағдарламасындағы он негізгі басымдықтың қатарына енгізілді. Сонымен бірге экономиканың дамуы адамдардың өмірінде нақты оң өзгерістер әкелуі тиіс. Біз елде лайықты еңбекақы төленетін, еңбек жағдайы қауіпсіз, әлеуметтік кепілдіктері толық сақталатын, тұрақты жұмыспен қамтылған әрі заманауи цифрлық еңбек қатынастары енгізілген бір миллион сапалы жұмыс орнын құруды мақсат етіп отырмыз», – деді олар.

Кездесу барысында АМӨЗ қызметкерлері өндірісті цифрландыру және мамандар даярлау мәселелерін көтерді. Мұнай өңдеу зауыты үшін бұл өте маңызды. Себебі заманауи цифрлық технологиялар өндіріс барысын автоматтандыруға, өнеркәсіптегі қауіпсіздікті арттыруға, жабдықтардың жай-күйін бақылауға және апат қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар еліміздің стратегиялық кәсіпорындарының бірі саналатын зауыттың тұрақты жұмысы білікті инженерлер мен техникалық мамандардың даярлығына тікелей байланысты.

Фото: Әділет партиясы

Бұл тұрғыда партияның айтары бар. Құрылтай депутаттығына кандидат Эльдар Жұмағазиевтің сөзінше, олар жас инженерлер мен геологтарды даярлауға мемлекеттік қолдауды күшейтуді, оның ішінде «жасыл» технологиялар мен экологиялық менеджмент бағыттары бойынша мамандар әзірлеуді ұсынып отыр.

Ал Үнзила Шапақ алдағы жылдары ел экономикасына 400 мыңнан астам маман қажет болатынын тілге тиек етті.

«Бұл тек инженерлер мен ғалымдар ғана емес. Жаңа технологиялар жаңа кәсіптерді қалыптастырып жатыр. Еңбек нарығында жасанды интеллект маманы, деректер талдаушысы, робототехника инженері, киберқауіпсіздік маманы, цифрлық жобалар менеджері, контент-инженер сияқты жаңа мамандар қажет болады. Біздің міндетіміз – жастарды осы езгерістерге дайндау, білім беру жүйесін экономика сұранысына беймдеу», – деді ол.

Сол күні штаб өкілдері елдегі жетекші машина жасау кәсіпорындарының біріне айналған TEXOL вагон жасау зауытында да болды. Қазір мұнда шамамен 300 адам еңбек етеді. Жыл соңына дейін тағы 600-ден астам қызметкер қабылдап, келер жылы штат санын 2,7 мың адамға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Кездесу барысында тараптар машина жасау саласын дамыту, қазақстандық өндірушілерді қолдау және жаңа жұмыс орындарын құру жайын талқылады. Штаб делегаттары дәл осындай заманауи өндірістер экономика өсімінің тірегіне айналып, технологиялық жаңғыртуға және жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға ықпал етуге тиіс екенін атап өтті.

Фото: Әділет партиясы

Одан соң «Әділет» өкілдері «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымымен де жүздесіп, назар аударатын негізгі түйткілдерді талқылады. Оның ішінде техникалық кадрлар даярлау, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, мұнай-газ саласын дамыту, еңбек жағдайларын жақсарту және отандық өндірісті қолдау мәселелері бойынша мағыналы әңгіме өрбіді.

Дайындаған:

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Сообщение «Әділет» партиясының кандидаттары Атырау облысындағы ірі кәсіпорындардың ұжымдарымен кездесті появились сначала на Tizgin kz.

Шу ауданында жаңа өндіріс ошағы іске қосылуға дайын
Шу ауданындағы «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «ARRIVO INDUSTRY» кәсіпорны өндірістік қызметін бастауға дайын, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жобаның құны – 300 миллион теңге.

Кәсіпорын жылына 200 мың сызықтық метр «сэндвич-панель» типті сыртқы қоршау құрылымдары мен 6 мың тонна металл конструкцияларын өндіреді.

Жоба аясында 30 жаңа жұмыс орны құрылып, қызметкерлердің жалақысы 200 мыңнан 500 мың теңгеге дейін болады.

Жаңа өндіріс өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, инвестиция тартуға және жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға серпін береді.

Импортты азайтып, құрылыс материалдарының қолжетімділігін арттырады

«ARRIVO INDUSTRY» кәсіпорнының іске қосылуы Жамбыл облысындағы құрылыс материалдары өндірісінің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Зауыт шығаратын сэндвич-панельдер мен металл конструкциялары өндірістік цехтар, қоймалар, логистикалық орталықтар, сауда орындары және ауыл шаруашылығы нысандарын салу кезінде кеңінен қолданылады.

Кәсіпорынның жылына 200 мың сызықтық метр сэндвич-панель және 6 мың тонна металл конструкциясын өндіруі ішкі нарықтағы сұраныстың бір бөлігін отандық өніммен өтеуге жол ашады. Соның нәтижесінде шетелден әкелінетін құрылыс материалдарына тәуелділік төмендеп, импортты алмастыру үдерісі жанданады.

Жергілікті өнімнің тағы бір артықшылығы – тапсырысты жеткізу мерзімінің қысқаруы. Құрылыс компаниялары қажетті материалды шетелден ұзақ уақыт күтпей, отандық кәсіпорыннан тікелей сатып ала алады. Бұл көлік пен логистика шығынын азайтып, құрылыс жобаларын белгіленген мерзімде аяқтауға ықпал етеді. Жаңа зауыттың пайдасы мұнымен шектелмейді. Кәсіпорынның жұмысы металл өңдеу, жүк тасымалы, қойма қызметі, жөндеу және техникалық қызмет көрсету секілді сабақтас салаларға да қосымша сұраныс қалыптастырады. Ал тұрақты жұмыс орындарының ашылуы жергілікті мамандардың ауданнан көшпей-ақ табыс табуына мүмкіндік береді.

Сообщение Шу ауданында жаңа өндіріс ошағы іске қосылуға дайын появились сначала на Tizgin kz.