Шымкентте жасөспірімдерден интимдік фото сұратқан ер адам қамалды
ІІМ қызметкерлері Шымкентте кәмелетке толмағандарға қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікті ер адамды ұстады, деп хабарлайды Tizgin.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қызбен онлайн танысты
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адам интернет-мессенджерлер арқылы 10 жастан 12 жасқа дейінгі балалармен танысып, өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырған. Олардың сеніміне кіріп, интернетте сөйлесуді жалғастырды.
Анықталған жағдайлардың бірінде ер адам қызбен онлайн ойын арқылы танысып, телефон нөмірін сұрап алып, WhatsApp-та хат алмасқан.
Түрлі сылтаулармен сөйлесу барысында ол жасөспірімнен интимдік сипаттағы фотосуреттер мен бейнежазбаларды жіберуді сұраған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қала тұрғыны ұсталды.
Кінәсін мойындамады
Ол өз кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның барлық мән-жайы нақтылануда, сондай-ақ ер адамның басқа да осыған ұқсас фактілерге қатысуы тексерілуде, – делінген ақпаратта.
Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға, кәмелетке толмағандарға цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық ережелерін түсіндіруге шақырады.