Щучинск қаласындағы дәмханада жарылыс болып, салдарынан қаза болғандар саны 7 адамға жетті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Щучинскідегі «Центр плова» кафесінде болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны жеті адамға жетті.
Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, көз жұмғандар арасында 16 жастағы бойжеткен бар. Щучинсктегі стационарынға әртүрлі деңгейде денесін күйік шалған 13 адам емделіп жатыр. Тағы алты адам тексеруден кейін амбулаторлық ем алуға жіберілген.
Денсаулық сақтау басқармасы желісі бойынша қосымша медициналық бригадалар жедел түрде жасақталды. Жұмысқа бейінді мамандар тартылып, дәрі-дәрмек қоры қамтамасыз етілді, санитарлық авиация іске қосылды. Қазір өрттің себебі анықталуда. Әкімдік қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады.