$ 450.69 € 505.04 ₽ 5.45
Тергеу

Қызылордада көлігімен кісі қағып кетіп, қашып кеткен адамға іздеу жарияланды

Қызылорда полициясы көшеде балалы әйелді қағып кетіп, сәби өліміне себеп болуы мүмкін күдіктіге іздеу жариялады,  деп хабарлайды Tizgin.kz.

Полиция не дейді

2000 жылы туған Алексей Великов атты күдікті қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Полиция жоғарыда көрсетілген азамат туралы қандай да бір ақпарат білген адамдарға құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.

Байланыс телефондары: 8 (7242) 27-77-01, 27-64-71, 29-75-07, 27-42-06, 29-75-69, 27-45-47. Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Төле би көшесі, № 112.

Оқиға жайлы

Қызылорда қалалық полиция басқармасының мәліметінше, оқиға 13 қазанда кешкі сағат бестің шамасында қаладағы Құлтекенов көшесінде болған. Mitsubishi Lancer автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шеккен, олардың бірі – кәмелетке толмаған бала. Зардап шеккендер жансақтау бөліміне түскен. Алайда артынша жәбірленушілердің бірі, яғни 5 айлық нәрестенің көз жұмғаны анықталды. Облыстық полиция департаменті адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы және оқиға орнынан кетіп қалу деректері бойынша қылмыстық істер қозғады.

Полиция қалаға кіреберіс жолдардабақылауды күшейтті. Күдіктіні іздестіру және ұстау іс-шараларына барлық күш-құрал жұмылдырылды.

Back to top button