Қырғызстанда қазақстандық әйелге үкім шықты
Қазақстандық әйелдің балаларды Қырғызстаннан порнография үшін сатып алғаны белгілі болды. Осы іске қатысы барларға бала саудасы бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz көрші мемлекеттің 24.kg арнасына сілтеме жасап.
ҰҚК НЕ ДЕЙДІ
Айыпталушылардың арасында Қазақстан азаматы да бар. Қырғызстан Республикасының ҰҚК мәліметінше, 2024 жылы кәмелетке толмағандарды шетелге шығарумен айналысатын топ әшкере болды. Бішкекте балаларды сату және кәмелетке толмағандарға қатысты азғындық жасау туралы қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды.
Арнайы қызмет мәліметінше, 2024 жылғы қыркүйекте тергеу шеңберінде Қазақстан азаматы А.А. мен Қырғызстан азаматы С.С. ұсталды, олар балаларды елден тыс жерлерге заңсыз әкету бойынша тұрақты арна ұйымдастырған.
Тергеу нәтижесінде А.А. Израиль азаматы А.Б.мен қылмыстық сөз байласып, ақшалай және өзге де сыйақыға олар С.С.дан кәмелетке толмаған үш баланы сатып алғаны анықталды. Балаларға қатысты оларды суретке түсіру және кейіннен материалдарды шетелдегі үшінші тұлғаларға мессенджерлер арқылы беру сияқты өрескел әрекет жасалған.
ІС СОТҚА ЖІБЕРІЛДІ
Қылмыстық іс материалдары Бішкектің Бірінші май аудандық сотына жіберілді. 2026 жылғы 12 наурыздағы істі қарау қорытындысы бойынша сот айыпталушыларды кінәлі деп тапты.
Қазақстан азаматы 12 жылға, Қырғызстан азаматы мүлкі тәркіленіп, 11 жылға сотталды.
Қырғызстан ҰҚК кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс жалғасатынын, осындай қылмыстар үшін қатаң жаза қолданылатынын атап өтті.
Сонымен қатар, топ мүшелері тағы да екі балаға қамқоршылық рәсімдеген. Басқа ықтимал қатысушыларға қатысты тергеу жалғасуда.