TOP-2Жаңалықтар

Қазақстанда қыздардан гөрі ұлдар өмірге көп келеді, бірақ қартайғанда еркектер екі есе азаяды

«Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» басқарма төрағасы Ерік Байжүнісов Қазақстанда қыздардан қарағанда ұлдар көп өмірге келетінін, бірақ қартайған шақта еркектер әйелдерден екі есе азайып кететінін айтады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Байжүнісов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында атап өткендей, елде бір жасқа дейінгі 162 935 қыз бала болса, 174 300 ұл бар.

“Ары қарай қарасаң 30 жасқа дейін ұлдар мен қыздардың саны бірдей. 30 жастан асқаннан кейін өкінішке қарай ұлдардың саны бірте-бірте азая бастайды. Алаңдататыны – 50-59 жас аралығында 856 789 ер адам болса, 1 млн 98 мың әйел бар. Ал 60-70 жас аралығында 726 198 еркек болса, 970 521 әйел. Ал жетпістен асқанда 350 708 ер кісі болса, 712 485 әйел адам бар. Яғни, жетпіске келгенде еркектер әйелдерден екі есе азайып кетеді”, – дейді ол.

Ерік Байжүнісовтің сөзінше, 30-39 жасқа дейінгі өлім санын тіркегенде елде 1321 әйел, 3170 еркектің өлімі анықталған. Яғни, үш есе көп. Осы тенденция біршама жылдан бері жалғасып келеді.

Back to top button