Қазақстанның ерлер құрамасы Марокконың Касабланка қаласында өткен семсерлесуден әлем кубогі кезеңінде командалық сында жеңіске жетті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Қазақстан құрамасы бес қарсыласын жеңді
Шпагамен семсерлесуден өткен командалық жарыста ел намысын Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Кирилл Павлов қорғады.
Қазақстандық спортшылар турнир барысында Түркия, Гонконг, Мысыр, Франция және Ресей командаларынан басым түсіп, алтын медаль иеленді.
Үш спортшы жекелей сында ширек финалға жетті
Жекелей жарыста Қазақстанның үш өкілі үздік сегіздікке енді. Эльмир Әлімжанов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов ширек финалға дейін жетіп, осы кезеңде қарсыластарына есе жіберді.
Жарыс қорытындысында Әлімжанов алтыншы, Проходов жетінші, ал Шарлаимов сегізінші орын алды.