$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41
TOP-2Спорт

Қазақстан көкпаршылары көк бөрі финалында Қырғызстаннан 12:0 есебімен жеңілді (Видео)

Қазақстан құрамасы Шолпан-Атада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көк бөрі финалында Қырғызстаннан ірі есеппен ұтылды. Алаң иелері шешуші кездесуде 12:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қырғызстан алғашқы таймнан басымдық танытты

Финалдық кездесу біржақты өтті. Қырғызстан құрамасы алғашқы таймда Қазақстан қақпасына жауапсыз төрт салым салып, есепте 4:0 есебімен алға шықты. Екінші таймда да ойын барысы өзгерген жоқ. Қырғыз көк бөрүшілері тағы төрт рет нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, басымдығын 8:0-ге жеткізді.

Қазақстан жауап қайтара алмады

Үшінші таймда Қырғызстан құрамасы тағы төрт салым салып, матчтың қорытынды есебін белгіледі – 12:0.

Осылайша, Қазақстан құрамасы финалда бірде-бір салым сала алмай, ірі есеппен жеңілді. Ал Қырғызстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды.

Back to top button