Жаңалықтар
Президент Қауіпсіздік кеңесінде кадрлық өзгерістер жасады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің аппаратында кадрлық өзгерістер жасады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Мемлекет басшысының өкімдерімен төмендегі лауазымды тұлғалар тағайындалды:
-
Арман Асқарұлы Әбдірасілов – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының Ахуалдық орталығының меңгерушісі;
-
Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі.
Айта кетейік, бұдан бұрын Тоқаев құтқарушылардың жұмысын түбегейлі өзгертуді ұсынған еді.