$ 454.14 € 509.23 ₽ 5.41
Жаңалықтар

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың анасы өмірден озды

Павлодарлық журналист Болат Аманбаев Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың анасы өмірден озғаны жайлы қаралы хабарды таратты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Қазан айының он бесінде ойсыратар суық жетті. Суық хабар келіп түсті! Павлодар облысының әкімі Асайын Қуандықұлының анасы – Дюсембаева Рауза Көгенбайқызы апамыз дүниеден озды! Бес күндік ЖАЛҒАНДАҒЫ Ананың ТІРЛІК ДЕМІ тауысылыпты. Ертіс-Баян өңірінің тізгінін ұстап отырған АСАЙЫН ҚУАНДЫҚҰЛЫНА қайғыра көңіл айтамыз! Ел Ерімен бірге. Ел басқарған АЗАМАТПЕН бірге! Тас түскен жеріне ауыр десе де, ЕР қасында Елі бар!” – деп жазды Болат Аманбаев.

Жаназа намазы қосымша хабарланатыны жеткізілді.

Back to top button