Қоғам белсендісі он тәулікке әкімшілік қамауда болғаннан кейін сот оны тағы да екі айға қамауға алды. Бұл туралы журналист Вадим Борейко өзінің Facebook парақшасында жазды.
5 наурыз күні Оразалы Ержановтың он тәулікке тағайындалған әкімшілік қамау мерзімі аяқталған еді. Алайда сол күні сот оны қайтадан қамауға алу туралы шешім шығарған.
«2026 жылы 5 наурызда шамамен сағат 19:40-та Оразалы Ержановтың 10 тәулікке қамау мерзімі аяқталуына бір сағат қалғанда – оны тағы екі айға қамауға алды. Бұл туралы маған адвокат Виталий Воронов хабарлады», — деп жазды Борейко.
Бұған дейін қоғам белсендісінің әлеуметтік желілердегі жарияланымдарынан кейін ұсталғаны жазылған. Алматы полициясы интернеттен «жалған ақпарат пен референдумды бойкоттауға шақыруы бар материалдарды» анықтағанын хабарлаған. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.