Жаңалықтар

Непалдағы жойқын су тасқыны: Қазақстанның тағы бір азаматы іздестіріліп жатыр

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын табиғи апаттан кейін Қазақстанның екі азаматы іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұған дейін СІМ бір азаматтың қайда екені белгісіз екенін хабарлаған еді. Ал қазір ведомство тағы бір қазақстандық азамат іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта табиғи апат орын алған Непал мен Қытай шекарасы аймағында болуы мүмкін Қазақстанның екі азаматшасын іздестіру жұмыстары жүріп жатыр», – делінген СІМ хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, қазақстандық дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Сондай-ақ дипломаттар іздестіріліп жатқан азаматтардың туыстарымен тұрақты байланыста.

Бұған дейінгі алдын-ала ақпарат бойынша, іздестіріліп жатқан қазақстандықтардың бірі туристік топ құрамында Непалдан Қытайға шекара арқылы өткен. Осыдан кейін оның нақты қай жерде екені белгісіз болған.

Құрбандар саны артып жатыр

Associated Press агенттігінің мәліметінше, Непалдағы табиғи апаттан кемінде 270 адам қаза тауып, 826 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Ал Тибетте үш адам қаза тауып, 558 адам із-түзсіз жоғалған.

Непалдың Туризм басқармасының мәліметіне сәйкес, хабар-ошарсыз кеткендердің 517-сі – шетел азаматтары, олардың ішінде 178-і Үндістан азаматтары.

Еске салсақ, бұған дейін Непалда Қытаймен шекараға жақын маңда сел жүруінен су тасқыны болғанын жаздық. Бейсенбі таңындағы мәлімет бойынша, кемінде 162 адам қаза тапқан. Жүздеген адам, оның ішінде 500-ге жуық шетелдік із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Апатты су тасқынына тау өзеніне құлаған алып мұз кесегі себеп болуы мүмкін

Back to top button