TOP-2Экономика

Мұнай бағасының 100 доллардан асуы “ҚазМұнайГаз” табысына қалай әсер етті

Наурызда мұнай бағасының 100 доллардан асуы “ҚазМұнайГаз” табысына қалай әсер етті? Осы сұрақты Tizgin.kz порталы ұлттық компанияның басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиевке қойды.

“Біз ай сайын есептеп тұрамыз. Проблемалар – бағаның өсуі мен құлауы жақында басталды ғой. Екі немесе үш айдан кейін белгілі болады”, – деді ол.

Есқазиев есебі қазір дайындалып жатқанын тағы қайталады. Алты айдың қорытындысы осы жылдың маусым айының аяғында белгілі болатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, АҚШ пен Израиль Иранға қарсы соғыс бастағаннан кейін әлемдік мұнайдың көп бөлігі өтетін Ормуз бұғазы жарым-жартылай жабылып қалған еді. Осы бұғазға кейін Иран танкерлерді өткізу үшін ақы алып отыратынын жария еткен.

Ізінше, ОПЕК+ құрамындағы сегіз ел мұнай нарығын тұрақтандыру үшін өндіріс көлемін қайта түзету туралы келісімге келді. Шешім 2026 жылғы мамырдан бастап күшіне енеді. Келісімге сәйкес, Қазақстан тәулігіне 1,5 млн баррельге дейін мұнай өндіре алады.

Back to top button