Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев мемлекеттік қызмет туралы заңға енгізілген түзетулерде нақты не жазылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Мәжілісте қаралған заң жобасы бойынша депутат бірқатар маңызды түзету қолдау тапқанын айтады. Сөзіннше, мүгедектігі бар азаматтардың жұмыс уақыты – 36 сағат болып бекітілген, алайда еңбекақы толық 40 сағат ретінде төленеді. Бұл қысқартылған жұмыс, бірақ толық әлеуметтік әділеттілік деп есептейді ол.
Сонымен бірге, бейімделген жұмыс орны ұғымы енгізілген. Енді мемлекеттік органдар қызметкердің жеке ерекшеліктерін ескеріп, қажетті жағдай жасауға міндетті.
«Денсаулығына байланысты» деген норма алынып тасталды. Мемлекеттік қызметкердің бейнесін сипаттауда шектеуші ұғымдар жойылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram