TOP-2Білім

Мұғалімдер тесттен босады. Директорлар тапсыра ма

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті (ОЗП) тоқтатылды. Ал конкурсқа түсетін директорлардың тесті қалдырылды ма? Осы сұрақты Tizgin.kz тілшісі Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпароваға қойды.

Вице-министрдің айтуынша, аттестаттау бірнеше кезеңнен тұрады және қазіргі өзгерістерге байланысты толықтай тоқтатылған.

Қазіргі педагогтерді аттестаттау тоқтатылды. Оның ішінде педагогтердің білімін бағалау тестілеуі (ОЗП) де бар. Бұл – аттестаттаудың бір кезеңі. Қағидаға өзгерістер енгізілуіне байланысты тоқтатылды, – деді вице-министр.

Сонымен қатар ол пән мұғалімдері үшін тестілеу біліктілік санатына байланысты өткізілетінін атап өтті. Ал мектеп директорларына қатысты талаптар өзгеріссіз қалған.

Мектеп директорларына байланысты, олар біліктілікті тапсырады я тапсырмайды деп айтылған жоқ. Олардың ОЗП-сы қалады, – деді вице-министр.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұстаздар енді пәндік білімін бағалау тестін тапсырмайтынын мәлімдеген еді.

 

Back to top button