ЖаңалықтарҚоғам

Москиттік тор қорғамайды: Астанада көпбалалы отбасыларға ескерту жарияланды

Көпбалалы отбасылардың үйлеріне терезелердің ашылуын шектейтін арнайы құрылғылар орнатылды.

Астана қаласының Алматы ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Астана әкімдігінің мәліметінше, прокуратура, төтенше жағдайлар органдары және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері баласы бар отбасыларды аралап, тұрмыстағы қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, ақпараттық жадынамалар таратты.

Сонымен қатар, көпбалалы отбасылардың үйлеріне терезелердің ашылуын шектейтін арнайы құрылғылар орнатылды. Ата-аналарға москиттік торлардың қорғаныс құралы болмайтыны, балаларды ұстап тұра алмайтыны жөнінде ерекше түсіндіру жүргізілді.

Астана қаласының прокуратурасы балалар жарақатының алдын алу, жазатайым оқиғаларды болдырмау және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысты жалғастырады.

Back to top button