Жаңбыр, найзағай және +37°C дейін ыстық – 19 тамызға арналған ауа райы болжамы
19 тамызда Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал батыс пен оңтүстікте күн райы ыстық болады, деп хабарлайды Tizgin.kz «Қазгидромет» мәліметіне сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстігінде, шығысында және орталық бөлігінде жел күшейеді. Кейбір өңірлерде оның екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Астанада күн бұлтты болып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +9…+11, күндіз +22…+24 градус болады.
Көкшетауда жаңбыр жауып, түнде +8…+10, күндіз +21…+23 градус болжанады. Қостанайда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде +10…+12, күндіз +22…+24 градус болады.
Петропавлда да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +8…+10, күндіз +20…+22 градусқа дейін көтеріледі.
Павлодарда күн бұлтты, жаңбырлы болады. Найзағай ойнап, секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде +11…+13, күндіз +22…+24 градус күтіледі.
Қарағандыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15–18 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +24…+26 градус болады.
Жезқазғанда да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +18…+20, күндіз +30…+32 градус болжанады.
Семейде жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +26…+28 градус болады.
Өскеменде де күн жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +13…+15, күндіз +27…+29 градус күтіледі.
Алматыда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +32…+34 градус болады.
Шымкентте күндіз ауа температурасы +34…+36 градусқа дейін көтеріледі. Түнде +18…+20 градус болады, жауын-шашын күтілмейді.
Түркістанда түнде +18…+20, күндіз +35…+37 градус ыстық болады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшеюі ықтимал.
Қызылордада күн ашық әрі жауын-шашынсыз өтеді. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +34…+36 градус болады.
Таразда жауын-шашын болмайды. Түнде +16…+18, күндіз +33…+35 градус күтіледі. Талдықорғанда түнде +13…+15, күндіз +32…+34 градус болады. Қонаевта ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +33…+35 градусқа дейін көтеріледі.
Атырауда күндіз +35…+37 градус аптап болады. Түнгі температура +21…+23 градус шамасында сақталады.
Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +16…+18, күндіз +33…+35 градус болжанады. Оралда түнде +18…+20, күндіз +32…+34 градус болады.
Ақтауда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз +32…+34 градусқа дейін көтеріледі.