Белгілі адвокат Бауыржан Азанов қоғамда кейінгі кезде көрініс тапқан, атап айтқанда жыныстық қатынасқа түскен видеоларды таратқандар қандай жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“Ақтаудағы тамаданың интим-видеосынан кейін арада апта өтпей маған соған ұқсас тағы бір видео жетті. Атырау ма, әлде сол қалаға қатысы бар адамдардан ба, әйтеуір порнографиялық видео тарады. Не себепті адамдар сондай тым жеке видеоларды түсіргені, оны өздері ме, әлде біреу ме – таратыныны көрініс бере бастағаны түсініксіз. Ондай видеолар мессенджерлерге тарап кетеді. Бұл нағыз бардак қой. Неге бүлдіріп жүрсіздер? Қазақстан қылмыстық кодексінің 147-бабы бар. Сол бапқа бұл әрекеттер қайшы. Бұл өте ауыр қылмыс. Кім болсаңыз да ондай видеоларды таратуға болмайды”, – дейді Бауыржан Азанов.
Адвокат айтып отырған 147 бап – жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу деп аталады. Бұл қылмысты жасағандар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Посмотреть эту публикацию в Instagram