ЕрекшеЖаңалықтар

«Батырды іздейтін уақыт келді ме»: 90-жылдардағы қылмыс әлемінің серкелері жайлы клип шықты

Әнші Жігер Ауыпбаев “Көкжалдар рухы” атты бейнебаян шығарып, оны тоқсаныншы жылдары бандит атанған қылмыс әлемінің серкелеріне арнаған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әннің түсіндірмесінде “әр дәуірдің өзіне тән қиындықтары мен сынақтары бар. Сол сынақтарға төтеп беріп, халқының намысын қорғаған тұлғалар батыр атанады. Ерте заманда батырлық найза мен қылышты ұстап, елді жаудан қорғаумен өлшенсе, бүгінгі күні батырлық – білім мен еңбекте,елге қызмет ету мен адамгершілікте көрінеді. Батыр дегеніміз тек соғыстағы қаһарман емес, ол – әділеттілік үшін күрескен, халыққа пайдасын тигізген, өз ісінде табандылық танытқан әрбір жан. Сондықтан да әр заманның батырлары бар. Тек олардың ерлік жолы уақыт талабына сай өзгереді. Бұл ән өмірден өткен қазақтың қайсар мінез,ер жүрек батыр ұлдарының рухына арналады!” делінген.

Клипте тоқсаныншы жылдары аты шыққан Сабыр Мүсілім, Алмаз Нәсенов, Бақыткелді Баясов, Талғат Атабаев, төрт ағайындылар көрсетіледі.

РОМАНТИЗАЦИЯ МА

Жалпы тоқсаныншы жылдардағы қылмыс әлемінің серкелері жайлы әркім әрқилы пікір айтады. Бірі осы әншідей басқа ұлттардың алдында қазақтың рухын көрсетті деп оларды құрмет тұтса, екіншілері үлгі тұтудың еш қажеті жоқтығын ескертеді. Мәселен, Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында журналист Қасым Аманжол “тоқсаныншы жылдардағы батырлар кім десеңіздер, нағыз батыр – пойызда пирожки сатқан апа немесе аялдамада шемішке сатқан ана дер едім, қазақтың әйелдері тоқсаныншы жылдары қазақты сақтап қалды, солар батыр, соларға ескерткіш қою керек” дегені бар.

Back to top button