TOP-2Қоғам

“Бұл – нағыз сорақылық”: белгілі журналист Ресейге барған қазақ әзілкештерін сынға алды

Журналист әзілкештерді қатаң сынға алды

Белгілі журналист әрі қоғам белсендісі Айсұлтан Жақыпов Ресейдің ТНТ арнасына барып, қазақ тілін бұрмалап, орынсыз әзіл айтқан қазақ әзілкештерін сынға алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жақыпов не дейді

Айсұлтан Жақыпов жақында желіден Ресейге барып, ТНТ арнасында ойнаған Қазақстан әзілкештерінің бір әзіліне назар аударған. Ойын барысында “Мәскеу кофеханасындағы оқиға” деген қойылым қойылған. Кофе дайын болған кезде даяшылар тапсырыс берген адамның есімін ыдысқа жазып, сол бойынша шақырады. Дәл сондай оқиғаны сипаттаған әзілкештер кофеханаға тапсырыс берген қазақ келіп, өзін “Маржанғырылғандықтарыңызда” деп таныстырған. Осы есімді жаза алмаған даяшы-әртістер оның есімін жаза алмай қиналған болады.

“Қазақта ондай кісі есімі жоқ. Жай ғана қылжақ үшін кездейсоқ әріптерді қоя салған. Бұл нағыз сорақылық.

Үш-төрт жыл бұрын Нұрлан Сабыров пен Азамат Мұсағалиев “курлы-мурлы” деп қазақ тілін келемеж еткені естеріңізде ме? Осы әзілдері әжептәуір шу туғызған. Бұл нақтыласақ, өзіміздің Қазақстанның ойыншыларының, Кеша, Данияр деген жігіттердің қылжағы меніңше, “курлы-мурлыдан да” асып түсті”, – дейді Айсұлтан Жақыпов.

Журналист күні кеше бір ауыз сөзі үшін Бота-миа атты блогердің аккаунтын Қырғызстан азаматтары жойып жібергенін еске салды.

“Неліктен біз осындай қорлыққа шыдап отыра беруіміз керек? Неліктен олардың демеушілері “біздің ұлтты ұятқа қалдырмаңдар, мемлекетімізді жерге қарататын қылжақ ойналмасын” демейді? Неліктен біздің жігіттер осындай бассыздыққа барып отыр? Былтырғы ойындарын білеміз. Кім көрінгеннің алдында шашын қырып, әжуа болып, клоун болған жігіттер биыл мінекей, өзінің мемлекеттік тілін аяққа таптап отыр. Мұндай бассыздық жалғаса бермеуі керек”, – дейді Айсұлтан Жақыпов.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Айсұлтан Мұхамедияұлы (@aisultan19.84)

Back to top button