TOP-1ЖаңалықтарҚоғам

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясына төрағалық етуден бас тартты

Бүгін Астанада «Ақ жол» партиясының кезектен тыс съезі өтті.

«Ақ жол» демократиялық партиясының жетекшісі Азат Перуашев партия төрағасы қызметінен кету туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Ақ жол» жаңа саяси ахуалға сәйкес өз жарғысына өзгертулер енгізіп, Мәжіліс пен Сенатқа қатысты атауларды Құрылтаймен алмастырды.

«Жаңа көзқарастар мен жаңа бастамаларға жол беру мақсатында мен «Ақ жол» партиясындағы төрағалық лауазымынан бас тарту туралы шешім қабылдадым», – деді Азат Перуашев.

«Ақ жол» партиясын 15 жыл басқарған Азат Перуашев партия төрағалығынан бас тартты.
Орнына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дания Еспаеваның кандидатурасы ұсынылды.

Азат Перуашев 2011 жылдың шілде айынан бері «Ақ жол» партиясын басқарып келеді. Ал 2012 жылдың қаңтарынан бастап осы партия атынан Мәжіліс депутаты болып сайланған.

Дания Еспаева 2016 жылдың наурызынан бері «Ақ жол» партиясынан Мәжіліс депутаты. 2023 жылдың наурыз айынан бастап Мәжіліс төрағасының орынбасары қызметін атқарып келеді.

Back to top button