Қоғам

Аутизмі бар балаларды қорлаған блогерге қатысты іс қозғалды

Олардың өзара жанжалы тікелей эфир кезінде басталған болатын. Содан блогер мәселені жолығып, іс жүзінде шешуді жөн көрген, деп хабарлайды Tizgin.kz.

БЛОГЕР ТӨБЕЛЕС ШЫҒАРҒАН

Қостанай қаласында Гүльнара Оразалина есімді блогер төбелес шығарды. «31 арна» таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Әлеуметтік желілерде тараған төбелес видеосы көпшілік назарын аударды. Қақтығысқа қатысушылардың бірі – джинс күртеше киген блогер Гульнара екені белгілі болды. Құқық қорғау органдары мәліметінше, жанжал әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында басталып, кейін тараптар кездесіп, мәселені бетпе-бет шешуге ұйғарған.

БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫ ҰСТАЛДЫ

Оқиға орнында барлық қатысушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу қорытындысы бойынша әр қатысушының әрекетіне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Back to top button