Жаңалықтар
Астанада Журналистер аллеясындағы мүсінді бүлдіргендер ұсталды

Бүгін таңертең Астанада Журналистер аллеясында өрескел вандализм фактісі тіркелді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Екі жас жігіт мүсіндік композицияны, сондай-ақ іргелес аумақтағы қоқыс жәшіктерін қиратқан. Полиция, елорданың екі тұрғынын – 18 жастағы Денис Суранов пен кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімді анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.
“Вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды”, – делінген полицияның хабарламасында.
Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы оны тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Мұндай әрекеттерге полиция тарапынан қатаң тосқауыл қойылып, кінәлі тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.