Жаңалықтар
Астанада қай көшелер жабылады
Астанада Төле би көшесінің бір бөлігі бір айға толық жабылады. Бұл туралы Astanovka98 телеграм арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Қаладағы жол жөндеу жұмыстарына байланысты 5 маусым – 5 шілде аралығында Төле би көшесінің Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылады.
Қала тұрғындары мен жүргізушілерге маршруттарын алдын ала жоспарлау ұсынылды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге де жөндеу жұмыстары өтетін аумақта уақытша шектеулер болатыны ескертілген.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада 6-7 маусым күндері жартылай марафонға байланысты 10 көшенің жабылатыны хабарланған еді.