ЖаңалықтарОқиға
Астанада мас күйдегі ер адам Есіл өзенін жүзіп өтпек болды
Құтқарушылар 45 жастағы азаматты судан шығарып, жағаға жеткізді.
Астанада Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері судағы қайғылы оқиғаның алдын алды. Олар Есіл өзенінің арғы бетіне жалғыз өзі жүзіп өтпек болған мас күйдегі ер адамды дер кезінде байқап қалған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ер адам зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Қауіпсіздік талаптарын бұзған азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Төтенше жағдайлар қызметі жаз мезгілінде судағы қауіпсіздік ерекше бақылауда екенін еске салады. Мамандар тұрғындарды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтауға, мас күйінде суға түспеуге және өз өміріне қауіп төндірмеуге шақырады.