$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41
Жаңалықтар

Астанада LRT-ны күн сайын қанша адам пайдаланады

Іске қосылғаннан бері LRT 8 млн-нан астам жолаушы тасымалдаған

Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігін күн сайын 70 мыңнан астам адам пайдаланады. Бұл туралы Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мадияр Түкпатов мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Іске қосылғаннан бері LRT пойыздары 8 млн-нан астам жолаушы тасымалдаған. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 10 млн жолаушыға жеткізу жоспарланып отыр.

«Қазіргі уақытта орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 73 мың адамды құрайды», – деді Мадияр Түкпатов Қоғамдық кеңес отырысында.

Astana LRT 16 мамырда ресми түрде ашылды.

Қала әкімінің мәліметінше, мамыр айының соңында LRT-ны тәулігіне орта есеппен 65-75 мың адам пайдаланған. Ал шілде айының қорытындысы бойынша Tarlan Astana-ның табысы 500 млн теңгеден асқан.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button