Ақтауда аймақ үшін сирек кездесетін құс видеоға түсіп қалды
Құс тұрғын үйдің ауласында емін-еркін жүрген.
Жергілікті тұрғындар тұрғын үйдің жанында емін-еркін жүрген, аймақ үшін сирек кездесетін құсты видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Lada.kz-ға сілтеме жасап.
Күтпеген «қонақтың» кім екені туралы Lada.kz тілшісі анықтаған.
Құс аулада емін-еркін жүріп, қағаздың үстіне қойылған, далада жүрген мысықтарға арналған азықты шоқып жеуге тырысқан. Тұрғындар «Бұл қандай құс және ол қалаға қай жақтан ұшып келген?» деген сұраққа жауап іздей бастады.
Lada.kz тілшісі түсініктеме алу үшін «ECO-SOCIAL» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры әрі Орталық Азиядағы Рамсар өңірлік бастамасының үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Қозыбақовқа жүгінді.
Оның айтуынша, видеода қамыс құсы түсірілген.
«Бұл – Маңғыстау үшін сирек кездесетін құс, дегенмен жалпы Қазақстан бойынша жойылып бара жатқан түрге жатпайды. Қамыс құсы елдің оңтүстігінде – Сырдарияның төменгі ағысында және Жетісуда ұялайды», – дейді сарапшы.
Соңғы жылдары жекелеген түрде Қазақстанның басқа өңірлерінде де – елдің солтүстік, орталық және шығыс бөліктерінде жиірек кездесіп жүр.
«Көршілес Өзбекстанда бұл құс іс жүзінде барлық жерде және жыл бойы кездеседі», – деп нақтылады ол.