Алматыда белгілі әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлының денесі табылды
Алматыда танымал әнші, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Бұған дейін ол хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында болған: 24 наурыз күні үйінен шығып, содан бері байланысқа шықпаған.
Баир Сиқымбаевтың мәйіті табылғанын журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Әнші Гүлнар Сиқымбаеваның ұлы табылды. Марқұмның өлім неден болғаны себебі белгісіз. Бұған дейін туыстары Баирдың 24 наурызда үйінен шығып, хабар-ошарсыз кеткенін айтқан болатын. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы еді. Жаны жәннатта болсын», – делінген жазбада.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмағанын хабарлады. Оның денесі кеше Алматының Бостандық ауданында табылған.