13 тамызда Қазақстанның кей өңірінде күн +43 градусқа дейін ысиды
13 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түркістанда ауа температурасы +43 градусқа дейін көтерілсе, Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Tizgin.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде өрт қаупі жоғары болады.
Астана, Алматы және Шымкент
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде +11…+13, күндіз +29…+31 градус жылы.
Алматыда да күн жауын-шашынсыз өтеді. Түнгі температура +21…+23, күндіз +34…+36 градус болады.
Шымкентте ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз +38…+40 градусқа дейін көтеріледі.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста аптап күшейеді
Түркістанда күндіз +41…+43 градус ыстық болады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі ықтимал.
Таразда күндіз +38…+40, Қызылорда мен Талдықорғанда +37…+39, Қонаевта +36…+38 градус күтіледі. Жауын-шашын болжанбайды.
Батыста найзағай ойнайды
Оралда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +26…+28 градус болады.
Атырауда күндіз +34…+36, Ақтөбеде +31…+33, Ақтауда +30…+32 градус жылы. Бұл қалаларда жауын-шашын болмайды.
Солтүстік, орталық және шығыс өңірлер
Петропавлда күндіз +25…+27, Көкшетауда +27…+29 градус күтіледі. Қостанай, Павлодар және Астанада ауа температурасы +29…+31 градус шамасында болады.
Қарағандыда +31…+33, Жезқазғанда, Семей мен Өскеменде +32…+34 градусқа дейін ысиды. Бұл өңірлерде де күн жауын-шашынсыз өтеді.