1 шілдеден бастап газ бағасы 33% қымбаттайды
Энергетика министрлігі газ бағасының қымбаттау себебін айтты.
Энергетика вице-министрі Қайырхан Тутқышбаев 2026 жылғы 19 маусымда ОКҚ (СЦК) брифингінде тауарлық газ бағасының ықтимал қымбаттауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Төрт ай ішінде біздің газ өндіру көлеміміз Теңіз кен орнындағы және басқа да кен орындарындағы техникалық ақауларға байланысты қысқарды. Бірақ бұл төмендеу халықты газбен қамтамасыз етуге еш әсер еткен жоқ, өйткені ұлттық оператор QazaqGaz транзиттік газ есебінен тұтынуды қамтамасыз етті. Биыл 1 шілдеден бастап тауарлық газдың орташа бағасы 33%-ға өседі деп күтеміз.», – деді вице-министр.
Оның айтуынша, басқа да бағаның күрт өсуі күтілмейді.
«Бұл бізге жылыту маусымын уақытылы өткізу және газ инфрақұрылымын жаңарту үшін қажет. Қандай да бір басқа күрт баға секіруін біз күтпейміз», – деді вице-министр.