Жаңалықтар

Трамп өзін АҚШ тарихындағы бірден-бір «ең ұлы» президент деп атады

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Америка басшыларының рейтиңін жариялап, олардың ішінде өзін «ең ұлы» санатқа енгізді. Бұл санатта одан басқа бірде-бір президент жоқ, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Ең ұлы» санатта – жалғыз Трамп

Ақ үй басшысы жариялаған суретте АҚШ президенттері бірнеше санатқа бөлінген. Рейтиңде Дональд Трамп өзін ең жоғары орынға қойып, «Ең ұлы» санатындағы жалғыз президент ретінде көрсеткен.

Ал Авраам Линкольн, Джордж Вашингтон, Франклин Рузвельт, Вудро Вильсон, Томас Джефферсон және Эндрю Джексон «ұлы президенттер» қатарына енгізілген. Осылайша Трамп өзін АҚШ-тың негізін қалаушы Джордж Вашиңтоннан, елдегі құлдықты жоюға ықпал еткен Авраам Линкольннен және төрт рет президент болып сайланған Франклин Рузвельттен де жоғары қойған.

Байден мен Обама «сәтсіздер» қатарына енді

Трамп жариялаған рейтиңнің төменгі бөлігінде «сәтсіз президенттер» санаты берілген. Оған Джо Байден, Барак Обама, Улисс Грант, Уоррен Гардинг және Джимми Картер енгізілген.

Осылайша Ақ үй басшысы өзінің тікелей саяси қарсыласы Джо Байден мен Демократиялық партияның беделді өкілдерінің бірі Барак Обаманы АҚШ тарихындағы сәтсіз президенттердің қатарына қосқан.

Back to top button