$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Трамп АҚШ-та жанармай бағасын арзандататынын мәлімдеді

Дональд Трамп бағасы біршама қымбаттаған дизель отынын арзандатуға бағытталған жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tizgin.kz nbcnews.com-ға сілтеме жасап.

Трамп не деді

Аталған жарлыққа сәйкес, кез келген тұрғын салық салынбайтын дизель отынын сатып ала алады. Трамп бұл туралы Небраскада сайлаушылармен жүздескенде айтты.

Бүгін кешке мен тасжолдан тыс жерде пайдалану талабын ресми түрде алып тастайтын және қалаған адамға кез келген себеппен құрамында «қызыл бояу» бар, салық салынбайтын дизель отынын сатып алуға мүмкіндік беретін тарихи жарлыққа қол қоямын, – деді ол.

Ақ үй ұсынған ақпарат

АҚШ-та дизель отынына салынатын салықтар оның қалай пайдаланылатынына байланысты. Мәселен, алысқа жүк тасымалдауға арналған дизель отынына федералдық және штаттық салықтар салынады. Ал ауылшаруашылық техникасына арналған дизель отынына көп жағдайда салық салынбайды.

Жарлық бойынша Ақ үй ұсынған ақпараттық бюллетенде Трамп көлік, қорғаныс, ауыл шаруашылығы және қазына министрлеріне салық салынбайтын дизель отынын алу мүмкіндігін кеңейту үшін жұмыс істеуді тапсырғаны айтылған.

Соғыс бағаға қалай әсер етті

Ирандағы соғыс салдарынан АҚШ-та дизель отынының бағасы едәуір өскен.

Америка автомобиль қауымдастығының ақпаратынша, 22 қыркүйек күні 1 галлон дизель отынының бағасы 6,52 долларға дейін рекордтық деңгейге жетті. 28 ақпанда Ирандағы соғыс басталғалы АҚШ-та бір галлон дизель отынының бағасы 70%-дан астамға өскен.

Back to top button