Жаңалықтар

Тоқаев Тоғжановты елші қызметіне жіберді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бірқатар кадрлық өзгеріс туралы жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Мемлекет басшысы жарлықтарымен:

Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Бұдан бөлек:

Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Back to top button