Архивы Жапония - Tizgin kz

Желтоқсан көтерілісі туралы тың деректер: Жапонияда сақталған құжаттарда не жазылған
Жапонияның Сыртқы істер министрлігі архивінен 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысты бұрын құпия сақталған дипломатиялық құжаттар табылды. Оларда Алматыдағы оқиғалардың себептері, Дінмұхамед Қонаевтың қызметтен алынуы, Геннадий Колбиннің тағайындалуы және Кеңес Одағы басшылығының шешімдері туралы мәліметтер бар. Бұл жөнінде Жапонияда ғылыми зерттеу жүргізіп жүрген тарихшы, PhD дәрежесі бар жапонтанушы Олжас Бекенұлы Қуанбай мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Желтоқсан көтерілісі туралы құжаттар 2019 жылы құпиясыздандырылған

Токио шет тілдері университетінің (TUFS) Халықаралық қатынастар зерттеу институтында академиялық ассистент болып қызмет атқаратын жапонтанушы-тарихшы Олжас Қуанбайдың айтуынша, ол Желтоқсан көтерілісіне қатысты архив материалдарын алғаш рет 2025 жылғы 4 қарашада Токиодағы Жапония Сыртқы істер министрлігінің архивінен тапқан. Ғалым сол кезде Жапония тарихына арналған кітабын жазып жүргендіктен, табылған құжаттарды бірден жариялауға мүмкіндігі болмағанын айтады.

«Қазіргі таңда барлық құжаттарды жапон тілінен аударып, жинақтап жатырмын. Алдағы уақытта архивтер жинағы болып шығады», – дейді зерттеуші.

Олжас Бекенұлының мәліметінше, Алматыдағы 1986 жылғы оқиғаларға қатысты материалдар Жапония архивінде «Кеңестік ішкі саясат және ұлттық жағдайлар» деген атаумен сақталған. Зерттеуші сипаттаған архивтік жинақ екі бөлімнен тұрады және алты құжатты қамтиды. Оның жалпы көлемі – 97 бет, ал мұқабасын қосқанда 101 бет.

Ғалымның айтуынша, архив материалдарының құпиялық белгісі 2019 жылғы 20 қарашада алынған, алайда кейбір құжаттарды пайдалануға әлі де ішінара шектеу қойылған. Құжаттардың арасында Жапонияның КСРО-дағы дипломатиялық өкілдерінің жеделхаттары, Кеңес Одағының ішкі саясатына қатысты талдамалар және Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы туралы хабарламалар бар. Тарихшының сөзінше, жапон дипломаттары Желтоқсан көтерілісі басталған алғашқы күндерден-ақ Кеңес Одағындағы жағдайға назар аударып, Токиоға ақпарат жолдап отырған.

Жапон дипломаттары Желтоқсан көтерілісінің себептерін қалай түсіндірген

Олжас Бекенұлының зерттеуіне сәйкес, Желтоқсан көтерілісіне қатысты мәліметтерді Жапонияның КСРО-дағы елшісі Ясуэ Катори мен консул Сайки дипломатиялық арналар арқылы жеткізген. Ақпарат жинауға жапон дипломаттары Кёджи Комачи мен Тощио Цунодзаки де қатысқан.

Ғалымның айтуынша, архивтік құжаттарда Алматыдағы наразылықтың негізгі себептерінің бірі ретінде Кеңес Одағы басшылығының Дінмұхамед Қонаевқа деген қазақ халқының қолдауын дұрыс бағаламауы көрсетілген. Жапон консулының талдауынша, Қонаев республика басшысы ретінде халық арасында жоғары беделге ие болған. Сондықтан оның орнына Қазақстанмен тікелей байланысы жоқ Геннадий Колбиннің тағайындалуы қоғамдағы наразылықты күшейткен.

«Токиоға ақпарат жеткізуші  жапондық консул мен елшілік өкілдері көтеріліс салдарын да ашық атап өткен. Мәселен, Архив «Алма-Атадағы жаппай бұзақылық оқиғасы» деп аталады. Құжаттың астында «№609 құпия құжат» деп жазылып, оқиғаға қатысы бар саяси тұлғалар жапон тілінде арнайы шифрланған  әріп таңбалармен берілген. Мысалы,『ク』Қонаев, 『コ』Колбин『ル』Рыжков『ゴ』Горбачев, 『ブ』Брежнев. 1985 ж. 23 сәуірінен 1990 ж. 14 шілдесіне дейін КОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюро мүшесі, КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы (үкімет басшысы) қызметін атқарған Н.И. Рыжковтың аты архивте көп аталады. Архив құжатында «КСРО жоғары басшылығы қазақтардың Қонаевты ерекше қолдауына атүсті қараған» деген тұжырым келтірілген», – дейді Олжас Бекенұлы.

Зерттеушінің сөзінше, жапон дипломаттары Желтоқсан оқиғасын тек кадрлық өзгеріске қарсы наразылық ретінде ғана қарастырмаған. Олардың талдауында одақтық орталықтың кадр саясаты, инвестициялардың бөлінуіндегі теңсіздік және республикадағы экономикалық мәселелер де сөз болған. Сондай-ақ құжаттарда Қонаевтың қызметтен алынуы мен Колбиннің тағайындалуына қатысты Кеңес Одағының жоғары басшылығындағы ықтимал саяси мүдделер талқыланған.

Жапон консулы тақырыптарды кеңінен тарқатып былай дейді:

«Алматыдағы қақтығыстың бір себебі деп қайталап өтіп, КСРО жоғары басшылығы қазақтардың Қонаевті ерекше қолдауына атүсті жеңіл қарауында деп айттық. Негізі 『ク』«Ку» бастапқыда тау-кен саласы ғалымы ретінде партиялық тәжірибесі аз болғанымен, республика басшысы ретінде халық арасында өте жоғары беделге ие болды. Әрине, бұның астарында қазақ ұлтының ұлтшылдық сезімі күшті әсер етіп отыр. 『ク』«Ку»-ға дейін республика басшылары қатарынан 3 рет орыс халқының өкілдері болды. Қазақ ұлтының өкілі басшылыққа келіп, халық арасында беделі жоғары болғанына қарамастан, оны қайтадан орыс азаматына ауыстыру әлбетте халықтың наразылығын тудырды. Сонымен қатар, инвестициялардың бөлінуі және тағы басқа да салалардағы әділетсіздікке байланысты қазақстандықтардың Одақтық орталыққа деген наразылығы бұл оқиға арқылы айқын көрінгені түсінікті.  Алайда, Қонаевті ауыстыру Горбачев үшін өте маңызды міндет еді. Екеуінің қарым-қатынасы нашар болғандықтан, 『ゴ』(Горбачев) ерте ме, кеш пе шешуші қадам жасауы керек болатын. Қазіргі уақытта өткізілуі кешігіп жатқан КОКП Орталық Комитетінің пленумында кадрлық өзгерістер қатарында Қонаевті Саяси бюро мүшелігінен алып тастау басты мақсаттардың бірі болып табылады, және бұның алғышарты ретінде оны Қазақ КСР басшылығынан шеттету қажеттілігі туындады».

Орталық Комитет пленумының өткізілу уақытын ескерсек, Горбачев белгілі бір қиындықтарға тап болса да, қазақ жерінде шешуші қадам жасауға тура келді.  Жапон консулы «Мәселенің күрделі түйіні сол, қарсылық танытуы ықтимал болған орыс ұлтының өкілі тағайындалуы ма, әлде билікке лайықты қазақ ұлтының өкілі болмауы да себеп болуы мүмкін бе екен?» деген ойға келген.

Олжас Бекенұлының айтуынша, жапон консулы Колбиннің тағайындалуын КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы Николай Рыжковтың ықпалымен байланыстырады. Дипломатиялық талдауда Рыжковтың Қазақстандағы табиғи ресурстарды игеру ісін жандандыруға мүдделі болғаны жөнінде болжам айтылған.

Ғалымның түсіндіруінше, архив материалдарында Кеңес Одағы басшылығының Қазақстандағы кадрлық өзгерістер арқылы экономикалық және саяси бақылауды күшейтуге ұмтылғаны туралы пікірлер кездеседі, алайда зерттеуші келтірген бұл мәліметтер жапон дипломаттарының сол кезеңдегі бағалауы екенін ескерген жөн. Олар тарихи оқиғалардың барлық себебін түпкілікті дәлелдейтін тұжырым ретінде қарастырылмайды.

Рыжковтың Қазақстандағы табиғи ресурстарға қатысты жоспары

Жапон консулы Сайки шамамен 2 жыл бұрын (шамамен 1984 жыл) Қазақ КСР-інде табиғи газ кен орны табылғанын жазған. Оның мәліметінше, КСРО-да Чернобыльден кейін Кавказдағы АЭС-те апаттар орын алып, энергия тапшылығы тереңдей түскендіктен, аталған кен орнын игеру шұғыл міндетке айналғандықтан Рыжков аталған аймаққа барып тексеру жұмыстарын жүргізді. Шамамен 1 ай бұрын игеру жұмыстары ойлағандай іске асырылмағандықтан, жұмыстың кешеуілдеуі мен басшылық қабілетсіздігін қатаң сынға алған. Колбин Рыжковтың сенімді адамы, әрі ол осы кадрлық тағайындау арқылы қазақ жеріндегі ресурстардың игерілуін күшейтемін деп ойлады. Жоғарыда айтылғандай, қазақтар бастапқыда инвестициялардың бөлінуіне байланысты орталыққа деген наразылық танытып, игеру жұмыстарының кешеуілдеуін осының салдары деп санағандықтан, мұндай тәсілге қарсылық танытуы заңды құбылыс деп баға берді.

Генконсулдың айтуынша, соңғы уақытта партия баспасөзіндегі Брежневті сынау науқаны Брежневтің Қазақстанда болғанына және Қонаевті тағайындау кезінде оның ықпалы болуы Алматыдағы оқиғамен мүлдем байланыс жоқ деп те айтуға келмейді. Дегенмен, бұл жағдайды тікелей себеп деп санауға болмайды. Брежневті сынау партия съезінде басталған болатын, кейіннен оның ізбасарларының біртіндеп ықпалынан айырылуы, қызметтен шеттетілуі сияқты түрлі кері әсерлері тиді деген сөздерді архивтен көруге болады. Архивте көрсетілгендей, құпия шифрленген хат Токиодағы Сыртқы істер министрлігінің штаб-пәтеріне жедел телеграммамен жіберілген.

Жапон дипломаттарының Желтоқсан көтерілісіне қатысты құжаттары

Бір аңғарарлығы, жапон бас консулы Сайки мырзаның жапон тіліндегі сөз қолданымында Қазақ КСР, қазақстандық халық сөздері емес «Қазақ халқы», «Қазақ Республикасы», «қазақ басшылығы», «қазақ ру тайпалары», «Қонаевқа деген халықтың ыстық ықыласы», «Қонаевты қазақтардың қолдауы», «КСРО жоғары басшылығы қазақтардың Қонаевті ерекше қолдауына атүсті жеңіл қарауы» «қазақ ұлтының ұлтшылдық сезімі» секілді сөздер жиі кездеседі.

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі туралы Токиоға жіберілген құпия жеделхаттар

Желтоқсан көтерілісі жайлы ақпарат жапондық жылсанақтың Щеува дәуірі 61 жыл, яғни 1986 ж. желтоқсанның 24 күні Берлиннен жіберіліп, ертесі күні яғни желтоқсанның 25 күні тікелей Токиодағы Жапония Сыртқы істер министрлігінің штаб-пәтеріне түскен. Шетелден келетін барлық ресми хабарламалар ресми түрде Жапония Сыртқы істер министрлігінің басшысына жеке жолданды. Ол кезде Жапония Сыртқы істер министрі қызметін 1982-1986 жж. Абэ Синтаро атқарса, Куранари Тадаши 1986-1987 жылдары аралығында басқарды. Телеграмма жіберуші адамның аты ретінде бас консул Сайки мырза көрсетілген. Бір қызығы, хат Берлиннен Токиоға жіберілсе де жіберген адам консул Сайки мырза деп жазылған.

Ғалымның пікірінше, ол кезде Сайки мырза КСРО-да болды, хатты ары қарай Берлинге жіберіп, сол жақтан телеграмма Токиоға кеткен немесе Берлин «кодовое слово» болуы да ғажап емес… Консул Сайкидің толық аты-жөні жазылмаған. Консул Сайки 1980 жылдары Жапония Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық хат алмасуларында КСРО-дағы жердегі консулдық мекеменің басшысы ретінде кездеседі. Ол халықтың жағдайы мен өнеркәсіп орталықтарындағы ахуалын шолудан жинаған ақпараттарды консулдық округ арқылы Мәскеу мен Токиодағы елшілікке тікелей әрі жасырын ақпарат беріп отырған. Ал дәл осы архивте қайдан, сағат қаншада жіберілгені мақсатты түрде жасырылған.

Екінші телеграмма жасырын құпия жеделхат жапон жылсанағының Щеува 61 ж. яғни 1986 ж. желтоқсан айының 29 күні 11-014 номерімен «Совет үкіметінен» деп жіберілген. Яғни, жіберуші тарапты КСРО (Мәскеу) деп көрсетілген. Хабарламаны алушы тарап сол күні яғни желтоқсан айының 29 күні Токиодағы Жапония Сыртқы істер министрлігінің штаб-пәтеріне Төтенше және Өкілетті елші Катори мырзадан жіберілгені жазылған. Телеграммынңың аты «КСРО-ның ішкі саясаты (Алма-ата қаласындағы тәртіпсіздіктер)» №6375 құжат шұғыл (!) «жедел өңдеу» таңбасымен яғни, басымдылық берілетін аса маңызды жедел шұғыл ақпарат деп [Қатаң цензурамен жасырылған] сөзімен бұдан әрі ФАКС арқылы жіберілді деп факстың MW1250-04 номерін де жазған.

«Правда» журналистінің жапон дипломаттарына айтқан мәліметтері

Рет саны 11-048 деп берілген телеграммамен жалпы атауы «Кеңестік ішкі саясат» («Правда» газетінің қамқоршылар кеңесінің аясында) деп белгілеп, №6446-шы құпия құжатта «Правда» газетінің халықаралық саяси шолулар жасайтын КСРО -ның БАҚ-тағы «тілі» журналист Виталии Германович Корионовтың аты аталады. Ол арнайы шақыртылған кешкі аста жапон дипломаттары Кёджи Комачи мен Тощио Цунодзакиге назар аударарлық қызықты ақпараттармен бөліскен. Ары қарай архив «Алма-Атадағы толқудың алғышарттары» деп жалғасады.

Корионов жапондық дипломаттарға маңызды болған екі ақпарат айтқан. Біріншіден, Қазақ КСР-інде (*жапоншада қазақ республикасы деп жазылған) халықтың тек 23%-ын ғана қазақтар құрайтынын, ал орыстар 43%, сондай-ақ украиндар мен белорустар сияқты басқа да көптеген славян халықтарының бар екенін атап өткен. «Ескерту» деп жақшаның ішінде «1979 жылғы халық санағының статистикасы бойынша, халықтың 41% орыстар, 36% қазақтар, 6% немістер, 6% украиндар және 1% белорустар болды» деп айтқан. Бұл Тың игеру және Қазақстанның қарқынды индустрияландырылуы кезінде орыстар мен басқалардың ағылып келуіне байланысты жағдай деп түсіндіріп келіп, бұл әдейі жүргізілген «орыстандыру саясатының» нәтижесі емес екенін айтқан. Корионовтың жапон дипломаттары Кёджи Комачи мен Тощио Цунодзакиге КСРО саясатын ақтауға тырысқаны аңғаруға болады.

«Соған қарағанда, жапон дипломаттары кешкі ас әңгімесі барысында «қазақ ұлтшылдығы» немесе «қазақ халқының мүддесінің тапталуы» «орыстандырылу саясаты» секілді тақырыптар көтерген бе екен деген ойға келдім. Соған орай Корионовтың жапон дипломаттарына берген жауабы да жоғарыдағыдай КСРО-ның «ақтауға тырысу» жауабы болуы да ықтимал. Екіншіден, славян халқының үлесі әлі аса жоғары болмаған кезде де, алғашқыда қазақ басшылығына Беляев (белорус) және Брежнев (орыс) болды. Екеуі де қазақ емес. Корионов «Осыдан кейін эстафета Қонаевқа берілді, содан шамамен 20 жыл өтті. Осы уақыт аралығында Қонаев біртіндеп қазақтарды маңызды лауазымдарға тағайындады. Қонаев бір лауазымда ұзақ уақыт бойы болғандықтан билік пен өкілеттікті асыра теріс пайдалану байқалды. Жақында болған бұл көтерілісті Қонаевтың руынан шыққан, оның қызметіндегі жағдайы жақсы адамдар ұйымдастырды және егер Қонаев қызметінен айырылса, оның салдары өздеріне (Қонаевтің қасындағылар) де тиеді деп күтті. Олар кадрлық өзгерістерге қарсы тұру үшін бұл көтерілісті әдейі ұйымдастырды» деп жапон дипломаттарына өз пікірін жеткізген. Архив Токиодағы Сыртқы істер министрлігінің штаб-пәтеріне «Аса құпия» деген белгімен жіберілген», – дейді Олжас Қуанбай.

Архив құжаттарын аудару және зерттеу жұмыстары

Оның айтуынша, желтоқсан жайлы архивтік құжат өте көлемді әрі фишрланған. Кей иерогливтер әдейі жазылмаған, телеграмманы алушы мен оқушы арасында түсінісетін сөздер де кездеседі. Құпия құжат жапон тілінде асығыс жазылған қолжазба болған соң иероглифтердің қолданылуы жағдайына байланысты мағыналары ауысып кететін тұстары да бар.

Жапония архивінен табылған құжаттар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына шетел дипломаттарының қандай баға бергенін және сол кезеңдегі Қазақстандағы жағдайды халықаралық деңгейде қалай қабылдағанын зерттеуге қосымша мүмкіндік береді.

Сообщение Желтоқсан көтерілісі туралы тың деректер: Жапонияда сақталған құжаттарда не жазылған появились сначала на Tizgin kz.

«Мәскеудің үлкен қателігі»: Жапония архивінен Желтоқсан көтерілісіне қатысты құжаттар табылды
Қазақстанның ғалымы, PhD дәрежесі бар жапонтанушы әрі Жапониядағы университеттердің бірінде ғылыми қызметкер болып жүрген Олжас Қуанбай 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысты тың архивтік құжаттар тапқанын мәлімдеді. Жапония Сыртқы істер министрлігінің архивінде сақталған материалдарда Алматыдағы тарихи оқиғалардың шетелдік дипломаттар мен журналистерге қалай жеткені баяндалған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ғалымның айтуынша, жапон тіліндегі құжаттарда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың қызметінен босатылып, оның орнына Геннадий Колбиннің тағайындалуы, сондай-ақ бұл шешімге қарсы Алматы жастарының наразылығы туралы мәліметтер кездеседі.

Жапон дипломаттары Желтоқсан оқиғасын қалай бағалаған

Олжас Қуанбай жариялаған мәліметтерге сәйкес, архивтік материалдарда 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда болған толқулар туралы сол кездегі кеңестік ақпарат құралдарының хабарламалары келтірілген. Атап айтқанда, 18 желтоқсанда эфирге шыққан «Время» телебағдарламасы мен ТАСС ақпарат агенттігінің хабарларына сілтеме жасалған. Онда Қазақстан астанасы Алматыда жастардың наразылық шеруіне шыққаны айтылған. Кеңестік ақпарат көздері шеруге қатысушыларды «ұлтшыл көзқарастағы жастар тобы» деп сипаттаған. Құжаттарда олардың Қазақстан компартиясы орталық комитетінің кадрлық шешіміне қарсылық білдіргені баяндалады.

Сондай-ақ зауыттарда, жоғары оқу орындарында, еңбек ұжымдары мен қала аудандарында жиналыстар өткізіліп, партия басшылығының шешімі қолдау тапқаны, ал жастардың әрекеті қатаң айыпталғаны жөнінде мәліметтер бар. Бұл деректер сол кезеңдегі кеңестік биліктің Желтоқсан оқиғасын ресми ақпарат құралдары арқылы қалай түсіндіргенін көрсетеді. Алайда олардың Жапония архивінде сақталуы тарихи оқиғаның шетелдік ақпарат кеңістігінде қалай баяндалғанын зерттеуге мүмкіндік береді.

Ғалым назар аударған маңызды жайттардың бірі – жапон дипломаттары мен журналистерінің Мәскеудің кадрлық шешіміне берген бағасы.

Олжас Қуанбайдың пайымдауынша, құжаттардан Қазақстан басшылығына жергілікті жағдайды жете білмейтін, республикадан тыс жерде қызмет атқарған Геннадий Колбинді тағайындау Кеңес Одағы басшылығының үлкен саяси қателігі болғанын аңғаруға болады.

«Ең қызығы, ел билігіне ұлты қазақ болмаған Колбиннің тағайындалуы КСРО тарапынан жіберілген үлкен қателік екенін жапон дипломаттары мен тілшілерінің жазбасынан байқауға болады», – дейді зерттеуші.

Осылайша, ғалымның жариялаған мәліметтері Желтоқсан көтерілісін тек кеңестік биліктің ресми ұстанымы немесе қазақстандық тарихи дереккөздер арқылы ғана емес, шетелдік дипломатиялық құжаттар негізінде де қарастыруға жол ашады.

Желтоқсан көтерілісі

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – қазақ халқының ұлттық санасын дүр сілкіндірген, кеңестік биліктің әміршіл жүйесіне ашық қарсылық танытқан тарихи оқиға. Сол жылдың 16 желтоқсанында республиканы ширек ғасырға жуық басқарған Дінмұхамед Қонаев қызметінен босатылды. Оның орнына бұған дейін Қазақстанда жұмыс істемеген, Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетін басқарған Геннадий Колбин тағайындалды.

Мәскеу қабылдаған бұл шешім қазақ жастарының наразылығын туғызды. Республика тағдырына қатысты маңызды мәселенің жергілікті халықтың пікірімен санаспай шешілуі көпшіліктің көңілінде бұрыннан қордаланған әділетсіздік сезімін күшейтті. 17 желтоқсанның таңында Алматының орталық алаңына жастар жинала бастады. Олардың қатарында жоғары оқу орындарының студенттері мен жұмысшы жастар болды. Наразылық білдірушілер республика басшылығына жергілікті жағдайды білетін адамның тағайындалуын, ұлттық мүдденің ескерілуін талап етті. Алайда бейбіт басталған шеру көп ұзамай билік пен халық арасындағы қақтығысқа ұласты. Алаңға милиция, ішкі әскер бөлімдері мен арнайы жасақтар тартылды. Наразылық күшпен басылып, көптеген жас соққыға жығылды, ұсталды және жауапқа тартылды.

Желтоқсанның ызғарлы күндері Алматы көшелерінде тек саяси наразылық қана емес, тұтас бір ұрпақтың ар-намысы мен еркіндікке деген ұмтылысы көрініс тапты. Қылышынан қан тамған кеңестік жүйенің алдында қаймықпай тұрған жастар өз елінің тағдырына бейжай қарай алмайтынын көрсетті. Кейін көтеріліске қатысушылардың бірқатары қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жүздеген студент оқудан шығарылды, көптеген азамат қызметінен қуылды. Кеңестік билік оқиғаны ұзақ уақыт бойы «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» ретінде сипаттауға тырысты. Желтоқсан оқиғасының қасіретті тағдырымен Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев және Сәбира Мұхамеджанова есімдері тығыз байланысты. Олар тәуелсіздік жолындағы күрестің символына айналды.

Арада бес жыл өткенде, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Бұл тарихи сәйкестік Желтоқсан көтерілісінің ел жадындағы орнын бұрынғыдан да айшықтай түсті.

Желтоқсан – бір күннің дүрбелеңі емес, бодандық бұғауында тұншыққан ұлттық рухтың оянуы еді. Ол кеңестік жүйенің терең қайшылықтарын ашып көрсетіп, қазақ қоғамындағы еркіндік пен әділдікке деген сұраныстың қаншалықты күшті екенін танытты.

Енді Жапония архивінен табылған құжаттар сол бір тарихи кезеңге сырт көздің қалай қарағанын анықтауға септігін тигізуі мүмкін. Әсіресе шетелдік дипломаттардың Мәскеудің саяси шешімдеріне берген бағасы мен Алматыдағы оқиғалар туралы өз үкіметіне жолдаған мәліметтері Желтоқсан тарихын зерттеудің маңызды бағыттарының біріне айналуы ықтимал.

Сообщение «Мәскеудің үлкен қателігі»: Жапония архивінен Желтоқсан көтерілісіне қатысты құжаттар табылды появились сначала на Tizgin kz.

Жапонияның тарихи картасынан Алматы қаласы табылды
Қазақстандық жас ғалым, PhD жапонтанушы әрі Жапония университетінде ғылыми қызметкер Олжас Қуанбай Күншығыс елінің тарихи қорынан Қазақстан даласы жайлы көне картаны тауып, әлеуметтік желіге жариялады, деп жазады Tizgin.kz.

“Жапон картасынан Алматы табылды. Жапон тарих ғылыми еңбегінде XIV–XV ғғ. саяси картасы бейнеленген. ҚЫПШАҚ ДАЛАСЫ (キプチャク汗国) (Алтын Орда) үлкен аймақты алып жатыр. Тимур империясы (ティムール帝国), Осман түріктері (オスマン・トルコ), Арабия (アラビア); орталық пен шығыста Мин әулеті (明), Ойраттар (オイラート), Татарлар (タタール), Тибет (チベット) және Жапония (日本) атап көрсетілген. Юань және 4 ұлы ұлыс (元と4汗国) картасында АЛМАЛЫҚ (アルマリク) яғни қазіргі Алматы пен Қызылорда (көне Жент) қалалары бар”, – дейді Олжас Қуанбай.

Олжас Бекенұлы Қуанбай жапонтанушы ретінде ұзақ жылдар бойы Күншығыс елінің тарихын, тілі мен мәдениетін зерттеп келеді. Ол Tizgin.kz тілшісіне бұған дейін сұхбат берген еді. Ғалым жапондар пойыздың небәрі 20 секундқа кешіккені үшін неге кешірім сұрайтынын, екі мәдениеттің арасында өмір сүру қандай екенін, ғылым жолы және Жапонияда сақталған Қазақстан тарихына қатысты бірегей архивтік құжаттарды не үшін қазақ тіліне аударып жүргенін айтып берген еді.

Сообщение Жапонияның тарихи картасынан Алматы қаласы табылды появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстан азаматтары енді Токиоға тікелей рейспен ұша алады
Air Astana Алматы мен Токио арасында тікелей рейстерді іске қосады: алғашқы рейс Алматыдан 2026 жылғы 30 қарашада, ал алғашқы қайтар рейс Токиодан 2026 жылғы 1 желтоқсанда ұшады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Жапониямен тікелей әуе қатынасын іске қосу негізгі басымдықтардың бірі және біздің мақсатымызды – Орталық Азия мен Кавказдың көлік торабы ретінде Қазақстанның көшбасшылығын нығайтуға ықпал етеді. 2026 жылы біздің 22-ші жаңа бағдарымызға айналған Токио – бизнес пен туризмнің жетекші әлемдік орталықтарының бірі және Airbus A321LR ұшақтарында жүзеге асырылатын жаңа әуе қатынасы Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда, экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға айтарлықтай серпіліс береді”, – деп мәлімдеді Air Astana компаниялар тобының бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел.

Рейстер бизнес және эконом-класс салондарымен жабдықталған Airbus A321LR ұшақтарымен Токио халықаралық әуежайына (Нарита) аптасына екі рет орындалады. Рейстер кестесі (жергілікті уақыт бойынша, үкімет мақұлдаған жағдайда):

Алматы- Токио KC171 рейсі дүйсенбі және бейсенбі күндері Алматыдан 21:55-те ұшып, келесі күні 09:25-те Токиоға ұшып келеді.

Токио – Алматы KC172 рейсі сейсенбі және жұма күндері Токиодан 10:55-те ұшып, Алматыға 16:20-да ұшып келеді.

Алматыдан Токиоға ұшу ұзақтығы – 7 сағат 30 минут, ал қайтарда – 9 сағат 25 минут.

Air Astana мен Japan Airlines арасындағы қазіргі серіктестік шеңберінде Токио (Нарита) мен Алматы арасындағы рейстер код-шеринг режимінде орындалады. Екі жаққа билеттің ең төменгі құны (алымдардың барлығын қосқанда) эконом-класта 350 552 теңгеден, бизнес-класта 1 398 918 теңгеден басталады. Билеттерді airastana.com сайтында, Air Astana мобильді қосымшасы арқылы және аккредиттелген туристік агенттіктерден брондауға болады. Билеттерді airastana.com сайтында, Air Astana мобильді қосымшасы арқылы және аккредиттелген туристік агенттіктерден брондауға болады.

Жапония азаматтары Қазақстанға визасыз 30 күнге дейiнгi мерзiмге келе алады. Қазақстан азаматтарына Жапонияға сапар үшін виза қажет.

Сообщение Қазақстан азаматтары енді Токиоға тікелей рейспен ұша алады появились сначала на Tizgin kz.

Демеу Жадыраев Олимпиада чемпионы Нао Кусакадан жеңіліп қалды
Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Демеу Жадыраев Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР ҰОК.

77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Жадыраев Жапония өкілі Нао Кусакамен белдесті. Тартысты өткен кездесуде жапониялық балуан 11:9 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша қазақстандық балуан жартылай финалға шыға алмады. Оның жарысты әрі қарай жалғастыруы Кусаканың нәтижесіне байланысты. Егер жапон балуаны финалға жолдама алса, Жадыраев жұбаныш белдесулері арқылы қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алады.

Айта кетейік, Жадыраев пен Кусака 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының финалында да кездескен. Сол жолы жапон балуаны 5:2 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленсе, Қазақстан өкілі Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған еді.

Сообщение Демеу Жадыраев Олимпиада чемпионы Нао Кусакадан жеңіліп қалды появились сначала на Tizgin kz.

Махмұд Сабырхан Азия ойындарының финалына шыға алмады
Жапонияның Айти мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшыларының бірі Махмуд Сабырхан жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финал жолдамасын Филиппиннің тәжірибелі былғары қолғап шебері, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері әрі 2022 жылғы Азия чемпионы Карло Пааламмен сарапқа салды.

Төрешілердің екіұдай шешімі және «қола» жүлде

Шаршы алаңдағы үш раунд бойы өткен тартысты әрі шиеленісті кездесу нәтижесінде төрешілердің басым бөлігі жеңісті филиппиндік боксшыға берді. Төрешілер жазбасындағы қорытынды есеп – 3:2.

Осылайша, Карло Паалам Азиаданың алтын медалі үшін айқасқа жолдама алса, Махмуд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдесін қанағат тұтып, жарыс жолын аяқтады. Айта кетейік, қазақстандық боксшы әлемнің екі дүркін чемпионы (2023, 2025) және 2024 жылғы Азия чемпионы саналады.

Сообщение Махмұд Сабырхан Азия ойындарының финалына шыға алмады появились сначала на Tizgin kz.

Азиадада Қазақстан жалпыкомандалық есепте 8-ші орынға сырғыды
29 қыркүйекте Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында кезекті жарыс күні аяқталды. Қазақстан құрамасы бір күміс және екі қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

Қазақстанға күміс жүлдені Кристина Овчинникова сыйлады. Биіктікке секіруден өткен финалда қазақстандық жеңіл атлет 1,87 метрді бағындырып, екінші орынға ие болды. Ал Өзбекстан өкілі Барнохон Сайфуллаева 1,90 метрді еңсеріп, жарыс жеңімпазы атанды.

Кураштан 87 келіден жоғары салмақта сынға түскен Арайлым Шегенова қола жүлдегер атанды. Финалға шығу жолындағы белдесуде қазақстандық спортшы Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Ёнмен кездесті. Бұл белдесуде кореялық спортшы жеңіске жетті. Осылайша, Арайлым Шегенова Азиада-2026 ойындарының қола жүлдесін иеленді.

Қазақстан ерлер құрамасы стенд атудан командалық трап сайысында тағы бір қола медаль жеңіп алды. Даниил Почивалов, Әлішер Айсалбаев және Марк Почивалов 348 ұпай жинады. 355 ұпаймен Кувейт құрамасы жеңіске жетсе, 349 ұпай жинаған Қатар күміс жүлдеге ие болды. Бұл Қазақстанның Азия ойындарында ерлер арасындағы командалық трап сайысында жеңіп алған алғашқы медалі болды. Траптан өткен жекелей жарыста Әлішер Айсалбаев пен Элеонора Ибрагимова финалға жолдама алды. Шешуші кезең қорытындысында Әлішер жетінші, ал Элеонора сегізінші орынға тұрақтады.

Бокстан Айбек Оралбай 90 келіден жоғары салмақта финалға шықты. Жартылай финалда қазақстандық боксшы Үндістан өкілі Нарендерді жеңді. Енді ол 2 қазанда алтын медаль үшін жұдырықтасады.

Ауыр атлетикадан Любовь Ковальчук жүлдеге бір қадам жетпей қалды. 86 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы жұлқа көтеруде 115 келіні, серпе көтеруде 152 келіні еңсерді. Екі жаттығу қорытындысы бойынша 267 келі жинаған Любовь Ковальчук төртінші орын алды. Ал Айғаным Жанболат 86 келіге дейінгі салмақта 232 келі көрсеткішпен жетінші орынға тұрақтады.

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды. Ширек финалда команда Оңтүстік Корея құрамасын 18:14 есебімен жеңді. Қазақстан ерлер құрамасы волейболдан да жарыс күнін жеңіспен аяқтады. Топтық кезеңдегі кездесуде қазақстандық волейболшылар Өзбекстан құрамасынан 3:1 есебімен басым түсті.

Велотректен Қазақстан құрамасы командалық із кесу жарысының В финалына шықты. 30 қыркүйекте қазақстандықтар қола медаль үшін Оңтүстік Корея құрамасына қарсы бақ сынайды.

Оныншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 48 медаль бар: 9 алтын, 14 күміс және 25 қола. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан сегізінші орында тұр.

Сурет: Нұрғали Жұмағазы, Арлан Олжабай, Сали Сабиров, Никита Басов, Владислав Семенов

Сообщение Азиадада Қазақстан жалпыкомандалық есепте 8-ші орынға сырғыды появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстан шпагашылары Оңтүстік Кореяны жеңіп, Азия ойындарында алтын алды
Қазақстанның семсерлесуден ерлер құрамасы Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Шпагамен семсерлесуден командалық сайыстың финалында отандастарымыз Оңтүстік Корея құрамасын бір ұпай айырмасымен ұтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Финал тағдырын бір ұпай шешті

Шешуші кездесуде Қазақстан мен Оңтүстік Корея құрамалары өзара мықтыны анықтады. Тартысты бәсеке қазақстандық спортшылардың пайдасына 43:42 есебімен аяқталды.

Ел құрамасы сапында Руслан Курбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов өнер көрсетті. Осы төрттік Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды.

Азия мен әлем чемпионаттарындағы жеңістің жалғасы

Биыл қазақстандық шпагашылар командалық сайыстарда бірнеше ірі жеңіске қол жеткізді. Ұлттық құрама Азия чемпионатында алтын медаль иеленіп, әлем чемпионатында Қазақстан тарихында тұңғыш рет жеңімпаз атанған еді.

Енді спортшылар сол жетістіктерін Азия ойындарының алтынымен толықтырды.

Сообщение Қазақстан шпагашылары Оңтүстік Кореяны жеңіп, Азия ойындарында алтын алды появились сначала на Tizgin kz.

Еркінғали Бүркіталин қоржынға Азия ойындарының бесінші алтынын салды
Қазақстандық спортшы Еркінғали Бүркіталин Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында үздік атанды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Финалда Бахрейн мықтысын ұтты

Сүйінші ақпаратты Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі таратты. Ерлер арасында 77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз аралас жепе-жек спортынан дәстүрлі стиль бойынша жарыс жолына шыққан болатын. Финалда Бахрейн спортшысы Мұхаммед Набиевтен 3:0 есебімен басым түсті.

Қоржында қанша медаль бар

Қазақстандық спортшы бұған дейін үш кездесуде Тайпэй спортшысы Лин Миндян, Оңтүстік Корея өкілі Юун Таэон және филиппиндік Алварес Карлосты таза ұтты.

Қазақстан құрамасы қазір 5 алтын, 1 күміс және 3 қола медальмен жалпы есепте төртінші орында келе жатыр.

Сообщение Еркінғали Бүркіталин қоржынға Азия ойындарының бесінші алтынын салды появились сначала на Tizgin kz.

Жапониядағы тарихи рекорд: 100 жастан асқан қарттар саны 100 мыңнан асты
Жапонияда жасы 100-ге жеткен және одан асқан тұрғындар саны алғаш рет 100 мыңнан асып, тарихи рекорд тіркелді. Елде ұзақ жасағандар көбейгенімен, халықтың қартаюы зейнетақы мен медициналық қызметке жұмсалатын шығынды арттырып отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы The Straits Times басылымына сілтеме жасап.

Жүз жасағандардың басым бөлігі – әйелдер

Жапонияның денсаулық сақтау министрлігі жариялаған есеп бойынша, 100 жасқа толған және одан асқан тұрғындар саны 107 677 адамға жеткен. Олардың шамамен 88 пайызы – әйелдер. Бұл көрсеткіш кейінгі онжылдықтарда айтарлықтай өскен. Мұндай есеп алғаш жүргізіле бастаған 1963 жылы елде жүз жасаған небәрі 153 адам болған. Ал 1998 жылы олардың саны 10 мыңға жуықтаған.

Жапонияның ұзақ өмір сүру көрсеткіші медицина мен денсаулық сақтау жүйесінің дамуымен, дұрыс тамақтану және белсенді өмір салтымен байланыстырылады. Елдің ең қарт тұрғыны – Киото қаласында тұратын 114 жастағы әйел. Жүзге келгендердің арасында спортпен шұғылданып, сүйікті ісімен айналысуды жалғастырып жүргендер бар. Кейбірі ауылда шаруашылық жұмысына араласса, енді бірі телевизия саласында әлі де еңбек етіп жүр.

Қарттар көбейген сайын бюджет шығыны да артып жатыр

Ұзақ өмір сүру көрсеткіші жоғары болғанымен, халықтың қартаюы Жапонияның мемлекеттік қаржысына қосымша салмақ түсіріп отыр. Елде шамамен 40 миллион адам зейнетақы алады. Ал туу көрсеткішінің төмендеуі аясында еңбекке қабілетті жастардың саны азайып келеді. Соның салдарынан зейнетақы төлеуге, емдеуге және қарттарға күтім жасауға қажетті шығын өсіп, оны қаржыландыратын жұмыс істейтін халықтың үлесі қысқарып жатыр.

Осы қажеттіліктерді өтеу үшін Денсаулық сақтау министрлігі келесі қаржы жылына арналған бюджеттен зейнетақы мен медициналық қызметке шамамен 33,7 триллион иен сұратқан. Бұл – мемлекеттік органдар ұсынған бюджеттік өтінімдердің жалпы сомасының төрттен біріне жуығы.

Сообщение Жапониядағы тарихи рекорд: 100 жастан асқан қарттар саны 100 мыңнан асты появились сначала на Tizgin kz.