Архивы сұраныс - Tizgin kz

Қазақстанда юаньға сұраныс күрт төмендеді
Қазақстандағы валюта айырбастау орындарында қолма-қол юаньның таза сатылымы айтарлықтай төмендеді. Биылғы қаңтар-шілдеде көрсеткіш 303 млн теңгені құрап, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 45,9 пайызға қысқарған. Қытай Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болғанымен, бұл халықтың қолма-қол юаньға сұранысы міндетті түрде өседі дегенді білдірмейді, деп хабарлайды Tizgin.kz Finprom.kz деректеріне сүйеніп.

Юаньның таза сатылымы екі жыл қатарынан төмендеді

Таза сатылым – айырбастау орындарының халыққа сатқан валютасы мен халықтан сатып алған валютасының айырмасы. Көрсеткіштің төмендеуі сатып алу мен сату арасындағы осы айырманың азайғанын білдіреді. 2024 жылы қаңтар-шілдеде юаньның таза сатылымы 727,6 млн теңге болған. Былтыр 559,7 млн теңгеге, биыл 303 млн теңгеге түсті. Осылайша, екі жылда көрсеткіш 2,4 есе қысқарды.

Дегенмен қолма-қол юаньмен жасалатын операциялар бұрын да құбылып отырған. Мәселен, 2020 жылғы қаңтар–шілдеде таза сатылым минус 1,1 млрд теңгені құраған. Яғни айырбастау орындары халыққа сатқанынан көбірек юань сатып алған. 2021 жылы көрсеткіш қайта оң мәнге шығып, 2022 жылы 588,6 млн теңгеге жеткен. Одан кейін төмендеп, 2024 жылы қарастырылған кезеңдегі ең жоғары деңгейге көтерілген.

Биыл да ай сайынғы көрсеткіш біркелкі болмады. Қаңтарда таза сатылым 85,2 млн теңге, ақпанда 44,7 млн теңге болса, наурызда минус 101,3 млн теңгеге түскен. Сәуір–маусымда айырбастау орындары халықтан сатып алғанына қарағанда көбірек юань сатқан. Алайда шілдеде таза сатылым небәрі 12,2 млн теңгені құрады. Былтыр осы айда көрсеткіш 156,6 млн теңге болған. Өңірлер арасындағы жағдай да өзгерді. Былтыр елдегі таза сатылымның үштен екісіне жуығы Алматыға тиесілі еді. Биыл қаладағы көрсеткіш 6,2 есе қысқарып, 361,5 млн теңгеден 58,4 млн теңгеге түсті.

Ал Қарағанды облысы бірінші орынға шықты. Өңірде таза сатылым 78,8 пайызға өсіп, 104,4 млн теңгені құрады. Қостанай облысында көрсеткіш 51,1 млн теңге, Астанада 49,1 млн теңге болды. Жетісу және Алматы облыстарында, керісінше, айырбастау орындары халыққа сатқанынан көбірек юань сатып алған. Бұл өңірлердегі таза сатылым тиісінше минус 54,8 млн және минус 14,9 млн теңгені құрады.

Қытаймен сауда мен қолма-қол валютаға сұраныс – бөлек көрсеткіштер

Қолма-қол юаньның таза сатылымы азайғанымен, Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі ауқымды болып отыр. 2026 жылы қаңтар-шілдеде Қазақстан Қытайға 9,2 млрд доллардың тауарын экспорттап, одан 10,9 млрд доллардың өнімін импорттаған. Екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 20 млрд доллар болды.

Қытай Қазақстан экспортының 18 пайызын қабылдап, отандық тауарлар ең көп жөнелтілетін елге айналды. Импорттағы үлесі 29,4 пайызға жетіп, Қазақстанға тауар жеткізушілер арасында екінші орын алды. Алайда сыртқы сауда көрсеткішін халықтың айырбастау орындарындағы операцияларымен тікелей байланыстыруға болмайды. Тауар айналымының ауқымы қолма-қол юаньға сұраныстың дәл сондай қарқынмен өзгеретінін көрсетпейді.

Валюта бағамы да таза сатылымның күрт төмендеуін толық түсіндірмейді. Былтырғы қаңтар–шілдеде юаньның орташа ресми бағамы шамамен 71 теңге болса, биылғы сәйкес кезеңде 70,7 теңгені құраған. Айырма бір пайызға да жетпейді.

Кейінгі айларда юань арзандай түсті. Былтыр шілдеде оның орташа бағамы 73,8 теңге болса, биыл шілдеде 69,7 теңгеге, тамызда 69 теңгеге дейін төмендеді. 17 және 18 қыркүйекте бағам 66,3 теңгеге түсті. Бұл биылғы қаңтардағы орташа деңгейден 8,9 пайызға төмен. Ал 22 қыркүйекте ресми бағам бір юань үшін 67 теңге болды.

Деректер қолма-қол юаньның таза сатылымы азайғанын көрсетеді. Бірақ осы көрсеткіштің өзіне ғана қарап, қазақстандықтардың Қытай валютасына қызығушылығы қаншалықты өзгергенін толық бағалау қиын: таза сатылымға халықтың юаньды сатып алуы да, оны айырбастау орындарына өткізуі де әсер етеді.

Сообщение Қазақстанда юаньға сұраныс күрт төмендеді появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстанда дәрігерлер облыстар сұранысына сәйкес оқытылады
Жоспарлау кезінде аурухана мен емхана желісінің дамуы, халық саны, медицина ұйымдарының кадрмен қамтылуы секілді жайттар ескеріледі, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Министрлік не дейді

Елде қай облысқа қанша дәрігер қажет екенін алдын ала анықтап, мамандар даярлау жүйесін өзгерту жоспарланып отыр. Осы арқылы дәрігер тапшылығы бар аймақтарды анықтап, медициналық кадрларды өңір қажеттілігіне қарай бөлу көзделді.

Министрлік мәліметінше, енді медицина мамандарын даярлау кезінде жалпы көрсеткіштер ғана емес, әр өңірдің нақты қажеттілігі ескеріледі.

Не нәрсе ескеріледі

Жоспарлау барысында халық саны мен ауру түрлері құрылымынан бөлек, медицина ұйымдарының кадрмен қамтылуы назарға алынады. Одан бөлек:

аурухана мен емхана желісінің дамуы;

денсаулық сақтау саласының болашақтағы өзгерістері туралы болжамдар ескерілмек.

Жаңа ережелерге сәйкес денсаулық сақтау жүйесіне қажет дәрігерлер саны алдын ала болжанады. Министрлік жаңа ережелерді 3 тамызға дейін ашық талқылауға шығарды.

Ауылға барған дәрігерге қанша ақша беріледі

Мұның алдында елде ауылдардағы кадр тапшылығын азайту үшін медицина қызметкерлерін қолдау шаралары күшейтіліп келе жатқаны туралы жазған едік. Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары Маржан Мұхамедбек ауылдарға жұмысқа барған тапшы мамандық иелеріне 8,5 миллион теңге көлемінде көтермеақы берілетінін айтқан болатын.

Осылайша көтермеақы ауылдық жерлерге жұмысқа орналасатын және мемлекет айқындаған тапшы мамандықтар тізіміне кіретін дәрігерлерге қарастырылған. Бұл тетік өңірлердегі кадр жетіспеушілігін азайтып, білікті мамандарды ауылдық елді мекендерге тартуды көздейді.

Сообщение Қазақстанда дәрігерлер облыстар сұранысына сәйкес оқытылады появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстандықтар жаңа қытай көліктерін жиірек сатып ала бастады
Соңғы жылдары Қытай автокөліктері ішкі нарықта айқын басымдыққа ие бола бастады. Kolesa.kz жүргізген жаңа зерттеуге сәйкес, Қазақстанда жаңа автокөліктер сатылымындағы қытайлық брендтерінің үлесі 2023 жылы 30,6%-дан 2025 жылы 39%-ға дейін өскен, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Сарапшылардың пікірінше, бастапқы нарық рекордтық көрсеткіштерге жетіп жатқанымен, екінші нарық енді ғана «жандана» бастаған.

Сатылым көшбасшылары: кімдер алда?

Қазақстандық сатып алушылар қытайлық автокөліктерді таңдауда ресми дилерлерге жиірек жүгінуде. 2025 жылғы ең көп сатылған маркалар рейтингі төмендегідей:

changan cs55 plus – 5109

changan x5 plus – 3609

jac j7 – 2850

Екінші нарық: ұсыныс артып келеді

Kolesa.kz платформасында қолданыстағы қытай автокөліктерін сату туралы хабарландырулар саны шамамен үш есеге өсіп, жалпы көлемнің 3,7%-ына жетті. Көлік иелері сатылымға ең жиі мына модельдерді шығарады:

2025 жылғы Kolesa.kz платформасында сатылымға қойылған қытайлық модельдер:

changan cs55 plus – 5109

changan x5 plus – 3609

jac j7 – 2850

Қытайлық көлікті таңдарда әлі де күдік басым

Пайдаланушылардың технологиялық жаңалықтарға деген қызығушылығы өте жоғары. 2025 жылдың желтоқсанында қаралым саны бойынша рекорд орнатқан модельдер қатарында Deepal S07, Changan X5 Plus, BYD Destroyer 05 және премиум санатындағы Li L9 бар.

Алайда сарапшылар бір қызықты жайтты атап өтті. Модельдің интернетте аса танымал болуы, әрдайым нақты сатып алады деген сөз емес. Егер жапон және корей маркаларында сатып алуға дайындық деңгейі (қоңыраулар саны) 3%-дан асса, қытайлық брендтерде бұл көрсеткіш әзірге 2,1% шамасында. Қазақстандықтар жаңа модельдердің дизайны мен функцияларын белсенді түрде зерттегенімен, түпкілікті шешім қабылдауда белгілі бір сақтық танытады.

Айта кетейік, көптеген қазақстандықтар Chery, Haval, Geely, Changan, Jetour сияқты брендтерді таңдайды. Қазақстанның автокөлік одағының дерегінше, олар елде ең көп сатылған көліктердің ондығына кіреді.

Сообщение Қазақстандықтар жаңа қытай көліктерін жиірек сатып ала бастады появились сначала на Tizgin kz.