Архивы саяхат - Tizgin kz

BBC Travel Алматыны 2027 жылы саяхаттауға арналған әлемдегі ең үздік 20 бағыттың қатарына қосты
Алматы BBC Travel басылымының жыл сайын жарияланатын «2027 жылы саяхаттауға арналған ең үздік 20 орын» (The 20 best places to travel in 2027) тізіміне енген Орталық Азиядағы жалғыз туристік бағыт атанды, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Британдық басылым Іле Алатауының баурайында орналасқан қалаға келіп, заманауи өнермен, қазақтың дәстүрлі қолөнерімен және дала асханасымен танысуға кеңес береді.

Аталған тізімге Францияның Бургундия аймағы, Италияның Сардиния аралы, Канаданың Альберта провинциясы және Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласы да енді. Бағыттарды іріктеу барысында редакция туризмнің мәдени мұра мен табиғатты сақтауға, сондай-ақ жергілікті қауымдастықтардың дамуына тигізетін оң әсеріне ерекше назар аударған.

BBC Travel Алматының басты мәдени нысандары қатарында Almaty Museum of Arts өнер музейі мен «Целинный» заманауи мәдениет орталығын атап өтті. Басылым Орталық Азиядағы алғашқы ірі заманауи өнер музейі деп сипаттаған Almaty Museum of Arts 2025 жылы қыркүйекте ашылған. Оның қорында Қазақстан мен өңірдің өзге елдерінен шыққан суретшілердің туындылары ұсынылған. Ал «Целинный» орталығы британдық сәулетші Асиф Ханның жобасы бойынша қайта жаңғыртылған бұрынғы кинотеатр ғимаратында орналасқан. Қайта құру жұмыстары барысында суретші Евгений Сидоркиннің сграффито техникасында орындалған көркем туындысы қалпына келтірілді.

Басылым суретшілер мен дизайнерлердің өңірдің көшпелі мәдени мұрасына және тәңіршілдікпен байланысты бейнелерге ерекше мән беретінін атап өтеді. Қалалық галереяларда дәстүрлі қазақ қолөнерін заманауи тұрғыда жаңғыртып жүрген алматылық шеберлердің жұмыстарымен танысуға болады. BBC Travel 2027 жылы жазда Алматыға келуге тағы бір себеп ретінде The Spirit of Tengri халықаралық фестивалін атайды. Бұл фестивальде дәстүрлі музыка заманауи өңдеуде орындалады. 2026 жылы маусымда өткен фестиваль Абай алаңына 50 мыңға жуық көрермен жинаған.

Заманауи қазақ асханасымен танысу үшін BBC Travel Медеу шатқалында орналасқан Auyl мейрамханасына баруға кеңес береді. Сәулеті киіз үй пішінін еске түсіретін ғимаратта қонақтарға дала асханасының тағамдары заманауи үлгіде ұсынылады. Редакция ұсынған тағамдардың қатарында жылқы етінен дайындалған тартар мен шелпек қосылған жілік майы бар. Мейрамхананың интерьерін жасауға сәулетшілер, дизайнерлер мен қолөнер шеберлері қатысқан. Безендіру барысында кілемдер мен қолдан жасалған бұйымдар пайдаланылған. Тау көрінісі ашылатын бұл мейрамханаға Медеу мен Шымбұлаққа саяхат кезінде соғуға болады.

2027 жылы Cathay Pacific әуе компаниясы Гонконг пен Алматы арасында тікелей әуе рейстерін іске қосуды жоспарлап отыр. Гонконгтан алғашқы рейс 9 қаңтарға белгіленген.

BBC Travel болашағы зор туристік бағыттардың қатарында Нью-Йоркті де атап өтеді. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі 2027 жылы соңына дейін Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу жоспары туралы хабарлаған.

Президент тапсырмасы

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде қала туризміне жеке тоқталған еді. Президент одан әрі қалаларымыздың келбеті шетелдік қонақтарды тәнті етіп жүргенін, бұл еліміздің туристік және инвестициялық тартымдылығын арттыратынын айтқан. Сондай-ақ осы жетістіктерді барлық өңірге таратып, «Таза Қазақстан» бастамасын жаңа идеялармен толықтыру қажеттігін атап өткен.

«Қазақстанды қонақжай әрі қауіпсіз ел ретінде таниды. Енді осы артықшылықтарымызбен қоса, тазалықты да ұлттық брендке айналдыруымыз керек» деген сол отырыста Мемлекет басшысы.

Сообщение BBC Travel Алматыны 2027 жылы саяхаттауға арналған әлемдегі ең үздік 20 бағыттың қатарына қосты появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстандықтар жиі саяхаттайтын елдердің бірі визасыз режимді қысқартып жатыр
Қыркүйектің 15-нен бастап қазақстандықтар Таиландта визасыз 60 күн емес, 30 күн жүре алады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бір айдан аспауы тиіс

Мұндай өзгерістер Қазақстан мен бірқатар басқа мемлекет азаматтарына қатысты. Жаңа ережелер туралы мәліметті Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі елшілігі бөлісті.

“Таиланд бірқатар мемлекеттің, соның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтары үшін визасыз жүру мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартады. Таиланд Министрлер кабинетінің тиісті шешімі 15 қыркүйекте күшіне енеді”, – деді елшіліктегілер.

Жаңа ережелер күшіне енген соң қазақстандықтар Таиландқа табаны тиген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз жүре алады. Бұл жерде сонда болудың жалпы мерзімі әрбір 180 күндік кезең ішінде 90 күннен аспауы тиіс.

Елшілік ескертіп жатыр

Бұл дегеніміз жарты жыл ішінде Таиландқа жасалған бірнеше сапар мерзімі жинақталады. Белгіленген жалпы лимиттен аспаулары тиіс. Егер сапар 30 күннен асса, визасыз режим жеткіліксіз болады. Мұндайда тиісті визаны алдын ала ресімдеу қажет.

Алдағы бірнеше айда Таиландта асықпай демалуды немесе бірнеше рет баруды жоспарлағандарға елшілік сапарды жоспарлау кезінде жаңа мерзімдерді ескеруді ұсынады.

Сообщение Қазақстандықтар жиі саяхаттайтын елдердің бірі визасыз режимді қысқартып жатыр появились сначала на Tizgin kz.

Түркия, Мысыр, Вьетнам: Қазақстандықтар қайда жиі саяхаттап жүр
Республика тұрғындарының көбі соңғы жылдары Еуропа емес, Азия елдерінде демалуды жөн көрген, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“БАӘ-ден Азия бағыттарына ауысты”

Бұл туралы Kazinform агенттігінің ресми сауалына жауап берген ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Айдын Қапашев мәлімдеді.

Биылғы жазғы туристік маусымда қазақстандықтар арасында Вьетнам, Мысыр, Таиланд, Түркия, Қытай және Мальдив Республикасы едәуір танымал бағыттарға айналды.

Комитет мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда туристік нарықта біршама өзгеріс байқалады.

«Өткен жылды алып қарасақ, туристер таңдайтын бағыттар рейтиңі өзгерді. Айталық, қазір Мысыр мен Вьетнамға сұраныс айтарлықтай өсті. Қытай визасыз және тікелей рейстер арқасында ұстанымын нығайтты. Геосаяси жағдай әсерінен туристердің бір бөлігі БАӘ-ден Азия бағыттарына ауысты», – деді Қапашев.

Туристер не нәрсені ескереді

Оның сөзінше, ел тұрғындарының туристік бағыт таңдауына бірнеше фактор ықпал етіп отыр.

«Атап айтқанда, туристер ең әуелі турлардың бағасы мен қолжетімділігіне, визасыз режим болуына, жаңа әуе бағыттарының ашылуына, валюта бағамы мен әлемдегі геосаяси ахуалға назар аударады. Одан бөлек, жағажай демалысына сұраныс та таңдау жасауға әсер етіп жатыр», – деді комитет төрағасының орынбасары.

Министрлік ақпаратынша, дәл осы факторлар ықпалымен қазір қазақстандық туристер қызығушылығы Азия елдеріне ауып келеді. Бұл жөнінен Вьетнам мен Қытайды атап өтуге болады.

Сообщение Түркия, Мысыр, Вьетнам: Қазақстандықтар қайда жиі саяхаттап жүр появились сначала на Tizgin kz.

Қазақстаннан Дубайға рейстер қайта ашылады
Air Astana 15 шілдеден бастап «Алматы – Дубай» және «Астана – Дубай» бағыттары бойынша тұрақты рейстерді қайта орындай бастайды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, әуе компаниясы аймақтағы жағдайды бақылауда ұстап, қажет болса ұшу кестесіне өзгерістер енгізеді.

«Жолаушыларға барлық өзгеріс туралы қосымша ақпарат беріледі», – делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.

Айта кетейік, әуе компаниясы 12 шілде күні Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты жұмысын тоқтатқан болатын.

Сообщение Қазақстаннан Дубайға рейстер қайта ашылады появились сначала на Tizgin kz.

Биыл қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады
Осы жылы қазақстандықтар үшін бірден бірнеше елге кіру ережелері өзгерді. Жаңа визасыз бағыттар пайда болып, қазір Еуроодақпен Шенген визасын алуды жеңілдету бойынша келіссөздер жалғасып жатыр. Алайда төлқұжатсыз баруға болатын елдер саны әлі көбейе қойған жоқ, деп хабарлайды Tizgin.kz Tengri Travel-ке сілтеме жасап.

ТӨЛҚҰЖАТСЫЗ КІРУГЕ БОЛАТЫН ЕЛДЕР

Ресей

Қазақстан азаматтары Ресейге ұлттық төлқұжатпен де, жеке куәлікпен де кіре алады. 16 жасқа толмаған балалар үшін туу туралы куәлік немесе ұлттық төлқұжат арқылы кіруге рұқсат етіледі.

Егер болу мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспаса, тіркелу талап етілмейді. Елде 30 күннен артық (90 тәулікке дейін) болған жағдайда, келген жері бойынша тіркелу қажет.

Бұл ретте өткен жылдың 30 маусымынан бастап Ресейде шетелдіктер, соның ішінде Қазақстан азаматтары үшін кірудің жаңа ережелері енгізілді. Енді әрбір келуші үшін төлқұжат деректерін, бет-әлпет суретін және саусақ іздерін қамтитын цифрлық профиль жасалады. Қазақстандықтар келесі жаңа процедуралардан өтуге дайын болуы тиіс:

өткізу пункттерінде (Мәскеу әуежайлары мен Орынбор облысындағы Маштаково автомобиль пункті)

биометриялық мәліметтерді тапсыру;

ruID қосымшасы арқылы электронды өтініш толтыру;

SIM-карталарды тек биометрия арқылы тіркеу қажеттілігі;

медициналық куәландырудан және дактилоскопиядан өту.

Ал 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Ресейге жұмыс істеуге немесе оқуға келетін Қазақстан азаматтарына ruID мобильді қосымшасын пайдалану қажет болады.

Белгіленген тәртіп бойынша шетелдік азаматтар қосымшада жеке профиль жасап, Ресейге кіру туралы электронды өтініш беруі тиіс. Бұл мемлекеттік шекарадан өту жоспарланған уақыттан кемінде 72 сағат бұрын жасалуы керек.

Өтінішті қарау қорытындысы бойынша қосымшада елге кіру құқығын растайтын жеке QR-код қалыптастырылады.

Қырғызстан

Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары Қырғызстан шекарасынан жеке куәлікпен өте алады. Елде болудың ең ұзақ мерзімі – әр 180 күн ішінде 90 күн. 16 жасқа толмаған балалар үшін жеке куәлік жеткіліксіз – оларға ұлттық төлқұжат қажет.

Түрікменстан

Түрікменстан үшін бөлек ережелер қолданылады. Екі ел арасындағы қолданыстағы келісімге сәйкес, Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындары Балқан уәлаятына бес тәулікке дейінгі мерзімге визасыз бара алады. Алайда бұл мүмкіндік тек аталған өңірлердің тұрғындарына және тұрғылықты жерін растайтын құжаттары болған жағдайда ғана беріледі.

Айта кетейік, Қазақстан Түрікменстанмен визасыз режим енгізу мәселесін талқылап жатыр.

Армения

Қазақстан мен Армения да азаматтардың өзара сапарларының жаңа ережелері туралы келісті. Келісім 90 күнге дейінгі визасыз сапарларды мерзімді қарастырады. Бұл ретте Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 30 күн болғаннан кейін азаматтарға ішкі істер органдарында тіркелу қажет болатынын түсіндірді.

Бұдан бөлек, елдер арасында азаматтарға шекарадан жеке куәлікпен өтуге мүмкіндік беретін келісімге қол қойылған. Алайда Қазақстан СІМ мәліметінше, қазіргі уақытта сапарлар үшін әлі де төлқұжат талап етіледі.

Өзбекстан

Қазақстан мен Өзбекстан арасында екі ел азаматтарына шекарадан жеке куәлікпен өтуге рұқсат беру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап Өзбекстан мен Қырғызстан арасында осындай келісімдер күшіне енген.

Сообщение Биыл қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады появились сначала на Tizgin kz.

Биыл қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады
Осы жылы қазақстандықтардың визасыз бара алатын мемлекеттер тізімі тағы кеңейді. Соңғы екі жылда Қазақстан бірнеше танымал бағыт бойынша жаңа келісімдер жасасып, елге кіру шарттарын жаңартты, деп хабарлайды Tizgin.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Басты өзгерістердің қатарында Мароккомен визасыз режимнің іске қосылуы, Арменияға барудың жаңа ережелері, сондай-ақ бірқатар елде болу мерзімдерінің жаңартылуы бар. қажеттігін баяндайды.

2026 жылы не өзгерді

Негізгі жаңалықтардың бірі Мароккомен визасыз режимнің ресми түрде іске қосылуы болды. Екі ел арасындағы келісім 2025 жылғы 19 наурызда күшіне енді.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, екі елдің азаматтары әр алты ай сайын екінші мемлекеттің аумағында 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз жүре алады. Енді қазақстандықтар Марокконың Марракеш, Касабланка, Фес және басқа да қалаларына визасыз бара алады.

Тағы бір маңызды өзгеріс Оманға қатысты. Бұған дейін визасыз режим тек 14 күнге жарамды болса, енді болу мерзімі 30 күнге дейін ұзартылды.

“Оман Сұлтанатының Сыртқы істер министрлігі ұлттық паспорты бар Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимнің ұзартылғанын жариялады. Енді Қазақстан азаматтары Оман аумағында 30 күнге дейін бола алады”, – деп хабарлады СІМ.

Бұл ретте ведомство визасыз режим жұмысқа орналасуға, оқуға және тұрақты тұруға қолданылмайтынын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан мен Армения азаматтардың болуының жаңа ережелері туралы келісті. Келісім 90 күнге дейінгі мерзімге визасыз сапарларды қарастырады. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 30 күн болғаннан кейін азаматтарға ішкі істер органдарында тіркелу қажет болатынын түсіндірді.

Одан бөлек Қазақстан Түрікменстанмен визасыз режим енгізу мәселесін қарастырып жатыр.

2026 жылы қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады?

14 күнге дейін

Қазақстандықтар екі аптаға дейін мына елдерде визасыз бола алады:

Гонконг;

Иран;

Макао.

30 күнге дейін визасыз режим қолданылатын елдер

Ең үлкен санат – қазақстандықтар бір айға дейін визасыз демала алатын бағыттар. Олардың арасында танымал туристік елдер де, көпшілікке аса таныс емес бағыттар да бар.

Тізімге мыналар кіреді:

Аргентина;

Бразилия;

Вьетнам;

Катар;

Қытай;

Малайзия (кіру үшін электронды миграциялық карта – MDAC қажет, оны елге кіруден кемінде 3 күн бұрын толтыру керек);

Мальдив аралдары;

Марокко;

Никарагуа;

БАӘ;

Оман;

Сейшель аралдары;

Сербия;

Тайланд;

Филиппиндер;

Черногория – маусымдық, 2026 жылдың 1 мамырынан 1 қазанына дейін;

Эквадор;

Оңтүстік Корея (Кореяға кіруге электронды рұқсат алу жүйесі – K-ETA қолданылады).

Сондай-ақ Барбадос аралдарында 28 күнге дейін визасыз болуға болады.

60 күнге дейін визасыз

Өткен жылы Таиланд қазақстандықтар үшін визасыз болу мерзімін 60 күнге дейін ұзартқан болатын, алайда 2026 жылға арналған өзекті деректер бойынша ұлттық паспорт иелері үшін 30 күнге дейінгі визасыз режим әрекет етеді.

Қазақстандықтар 60 күнге дейін тек Доминикан Республикасында визасыз бола алады. Бұл ретте визасыз режим тек туристік мақсатта ғана жарамды.

90 күнге дейін

Бірнеше танымал бағыттар қазақстандықтарға үш айға дейін визасыз жүруге мүмкіндік береді.

Олардың ішінде:

Әзербайжан;

Албания;

Андорра;

Армения;

Беларусь;

Грузия;

Колумбия;

Қырғызстан;

Молдова;

Моңғолия;

Ресей (2026 жылғы 1 шілдеден бастап кіруге арналған электронды рұқсат (RUID) жүйесі қолданылады);

Сан-Марино;

Сент-Китс және Невис;

Сент-Винсент және Гренадиндер;

Тәжікстан;

Тунис;

Түркия;

Өзбекстан;

Украина.

Бұл ретте Түркия үшін мынадай шектеу бар: елде болудың жалпы мерзімі 180 күн ішінде 90 күннен аспауы тиіс.

Сообщение Биыл қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады появились сначала на Tizgin kz.